Дуалы түнгі думан
У. Шекспирдің «Дуалы түнгі думан» комедиясы ғашықтық ісі дертпен тең, махаббаттың шым-шытырық жолдан өтетінін баяндайды. Бозбалалар Лизандр мен Деметрий Афин қаласының сұлуы Гермияға ғашық болады. Гермия Лизандрды жақсы көреді. Қос ғашық Афин қаласынан қашып кететін құпиясын Гермияның құрбысы Еленаға айтады. Ал Елена бұл сырды өзінің ғашығы Деметрийге айтып қояды. Қызғаныштан өртенген Деметрий қарсыласының соңынан қуады, Елена оның артынан жүгіреді. Орман перісі Пәктің дуалы шырынды екі афиндікке жаңылып беріп қоюынан, Лизандр ұйқысынан Гермияны тастап, Еленаға ғашық боп оянады. Пәктің бұл қатесін шілтендердің патшасы Оберон байқайды да, сиқырлы шөп шырынын Деметрийдің көзіне тамызады. Деметрийдің көңілі де енді Гермияға емес, Еленаға ауады. Махаббат дертінің жалғасқан шытырман оқиғасының соңы Елена мен Деметрийдің, Гермия мен Лизандрдің тойымен аяқталады.