Дала шамшырағы
Өтетін орыны: Қостанай қаласы, Ілияс Омаров атындағы облыстық қазақ драма театры
Премьера күні:
Автор: Т. Ә. Қоңыратбай
Режиссёр: Ерсайын Төлеубеков
Актерлар:
Жанр: драма
Жас санаты:
Қосымша:
Дала ШамшырағыЫбырай танушы Тана Қоңыратбайдың «Дала шамшырағы» қойылымында Ы.Алтынсариннің қазақ даласында тың үлгідегі мектеп ашу жолында қиындықтары, халықтың көрген тауқыметі Арызқұл молда бастаған Итемген, Қатыш, Қырмаштардың қарсылығы арқылы көрініс табады. Мектеп шаңырағына ілінген шамдар – Ыбырай жаққан білім шырағы. Дегенін істетіп үйренген ауыл шонжарлары сол отты сөндірмек болып мектепті өртеді. Алайда дала шамшырағының бүкіл қазақ даласын жарыққа бөленуін аңсағандар да аз емес.
Спектакльдегі ақын Нұржан Наушабаев – Ыбырай заманындағы ақындардың, көзі ашық, көкірегі ояу адамдардың жиынтық бейнесі. Ыбырай тығырыққа тіреліп қиналғанда түсінде ақ киімді адам қолына шырақ ұстап, жөн сілтеп, аян береді.
Мәдениеті мен өркениеті тарихтың тым тереңіне кететін қазақ халқының бір мүлгіп, қараңғылық, надандық басқан кезеңі ауру, бейбақ қыз кейпімен беріледі. Ыбырай оны мүсіркейді, емдетемін дейді, ал сұм заман, аяусыз Арызқұл сияқты жандар оны аямайды.
Бұл – ғасырлар бойы қалыптасқан ескілікті салт, мінез, түсінік пен жаңаның, надандық пен даналықтың күресі.
_______________________________________________________________________
«Дала шамшырағы»
В постановке «Дала шамшырағы» Ибраеведа Таны Коныратбай находят отражение, как трудности на пути создания в казахской степи школ нового образца, так и страдания народа, проявляющиеся через противоборство Итемген, Катыш, Кырмашей, возглавляемое муллой Арызкул. Лампы, увешанные в школе – это свет знании, зажигаемый Ибраем. Аульные воротилы, привыкшие заставлять делать все, что они хотят, сожгли школу с целю погасить этот свет. Однако немало и тех, кто жаждал того, чтобы этот свет осветил всю казахскую степь.
Поэт Нуржан Наушабаев – это собирательный образ, людей Ибраевской эпохи, приближенных к Ибраю поэтов, грамотных и честолюбивых. Когда Ибрай отчаялся от безысходности, во сне явился человек в белом, со светилой в руках, и дал напутствие, указав верный путь.
Период дремания, темноты,невежества казахского народа, у которого культура и цивилизация уходят в глубь истории, дается изображением больной несчастной девушки. Ибрай жалеет ее, хочет вылечить, но жестокое время, безжалостные люди, как Арызкул, не щадят ее.
Это борьба между сформированными веками старинными обычаями, характером, понятием и новым, невежеством и мудростью.