Скачай новое приложение Ticketon

Чиполлино

ЧиполлиноӨтетін орны: Нұр-Сұлтан қ., Ілияс Есенберлин көшесі, 10, «Жастар»​ театры

Автор: Дж. Родари

Премьера күні: Мамыр, 2016 жыл

Режиссёр: Айнұр Рахипова

Жанр: ертегі

Ұзақтығы: 1 сағат 15 мин

Жас санаты: 

Қосымша:

 

 

Достықтан асқан байлық жоқ. Пияз бала – Чиполлино мен оның достарының басынан кешкен қызық та шытырман оқиға негізінен арманындағы баспанасын салуға белсене кіріскен Асқабақ апай мен оған қарсылық білдірген сеньор Қызанақтың арасындағы келіспеушіліктен басталады. Шиелер әулетінің құқығын қорғап, Асқабақтың үйін тартып алмақ болған Қызанақ пен Бұршақ бастаған кейіпкерлер бір топ жеміс-жидекті тұтқынға алады. 

Өжет те тапқыр Чиполлиноның алғырлығының арқасында тұтқындағы достарын құтқаруға белесене кіріскен қайырымды Құлпынай, мейірімді Шие сынды кейіпкерлердің ерлігі мен қызыққа толы әрекеті ертегі оқиғасына жаңаша бояу үстеп, жемістер әлеміндегі хикаяны одан әрі көңілді ете түседі. 

Қойылым бүлдіршіндерді татулық пен достыққа, ізгілік пен адалдыққа баулиды. Ертегінің кішкентай көрермендерге берер тағылымы мол.

Билет қайтару шарттары: танысу