Scorpions в Алматы

Боздаған бойдақтар

Автор: Е.Төлеубай

Премьера күні: 04.03.2022

Режиссёр: Е.Төлеубай

Актерлар:  Айтенов Е., Әбіл Ф., Дүйсенбекова Ж., Асанов Қ., Биғабылов С., Акишева Қ., Мустафаева Е., Ерметова М., Жұмабай Н.

Жанр: комедия

Ұзақтығы: 1 сағат  20 минут

Жас санаты: 16+

Қосымша: Спектакль қазақ тілінде өтеді

 

 

Ерсайын Төлеубайдың бұл қойылымы қоғамымыздың ең бір мәселесі болып табылады. 

Оқиға басы Шәйми қарт пен кемпірі Әйшәйдің тұрмысымен басталады. Үйдегі бар тірлікті өздері атқарып жүрген шал мен кейуана. Бірі қырыққа таянып, бірі отыздан асқан ұлдарынан әлі күнге қызық көрмей, келін түсіруді армандаған ата-ана ақыры ұлдарын үйден қуып тынады.

Үйден қуылған үш бойдақтың бір-бір келінді жетектеп келуінен кейін оқиға одан әрі қызықты, күлкілі. Келіндердің бірі шал - кемпірді спортпен айналысамыз деп қинаса, енді бірі өлең айтқызып, намазға жығылдырып дінді үйретеді.

Түсінген жанға қойылымның айтары көп. Аяқ - қолы балғадай, дені сау бола тұра әке-шешеге масыл болып отырған ұлмен некелеспей оң жақта отырып, жүкті болып жатқан қыздың оғаш қылықтары болашақ жастардың жаман әдеттерден аулақ болуына тәрбиелейді.

Оқиға желісі комедия жанрында өтеді.