ФК Кайрат (Казахстан) - ФК Алкма́р Занстре́к (Нидерланды)

«Бетпе-бет». Гастроли театра им. Махамбета

Бетпе-бет

Шыңғыс Айтматов

«Бетпе-бет» драмасы

Режиссері: Мұқан Томанов

Ұлы Отан соғысы кезі. Майданға алынған Сейденің күйеуі әскерден қашады. Қашып шығып, түнделетіп үйіне келеді. Әйелі оны ауыл сыртында жер қазып сонда жасырады. Осылай күндер өтеді,  айлар өтеді. Әйелі көрші-көлемге сыр алдырмайды. Почташы шал келсе күйеімнен хат келді ме деп міндетті түрде сұрап тұрады. Күндіз колхоз жұмысын атқарып, түнде күйеуіне балаларының аузынан жырып тамақ тасиды. Күйеуі үсті-үстіне тамақ сұратады. Бір күні көрші әйелдің үйінің жалғыз сиыры жоғалып кетеді. Үш баласын асырап отырған жалғыз сиыр еді. Сөйтсе, сиырды Сейденің күйеуі ұрлаған боп шығады. Күйеуі сиырдың жарты етін өзі жеп, жарты етін түнде үйіне әкеліп береді. Дәл осы кезде Сейде шыдай алмайды. Барлық шындықты милицияға айтып, күйеуін өзі бірге барып ұстап береді.