Алматы қаласының Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының гастрольдік сапары «Бернарда Альбаның үйі» драмасы
«Бернарда Альбаның үйі» испан елінде түрлі режиссерлердің басшылығымен көп уақыттардан бері сахналанған.
(Қазақ театры тарихында 1974 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында тұңғыш рет сахналанған.)
Араға жарты ғасырдай салып, шығарманың осы нұсқасы Ғ.Мүсірепов театрында режиссер Д.Жұмабайдың қолтаңбасымен қазақ театрының үлкен сахнасына қайта жол тартып отыр.
Туынды Бернарданың өз қыздарына моральдық озбырлығына қарсы бағытталған. Кенже қыз Адела билік пен тілек арасындағы қарама-қайшылықты ұсынатын автор идеясына тән «бүлікші» болады.
Бұл – заманның әр кезеңдерінде қойылып, нақты оқиғалардан шабыттанған және сол кездегі әдет-ғұрыптар туралы үлкен сыни ойларға толы тың дүние.
Ар-намыс пен әлеуметтік нормалар озбырлығынан құтылғысы келетін Адела атты кейіпкердің бостандық пен өмірге деген құштар-лығын тұншықтырушы ретінде, Бернарда кейпі шынайылықпен бейнеленген.
Күйеуі қайтыс болғаннан кейін, Бернарда Альба бес қызын (Ангустия, Магдалена, Амелия, Мартирио және Адела) ұзақ жыл бойы қара жамылып жоқтауға мәжбүр етіп, өз шаңырағын үйқамаққа айналдырады.
Сезімнен әлдеқайда басым зұлым ортада нәзік те әлсіз жаратылысты таптап кететін тиран-озбырлық әділетсіздік жолында арпалысқан жүректерде отырып алады. Қарғыс атқан сол бір ызбарлы сес бес қыздың жүздеріндегі суық күлкіні де жауып, ақыры сорлы қыздар қуарып, солып, өлім құшуына әкеп соғады.