Scorpions в Алматы

«Батыс ән-күй мектебі» дәріс-концерті

«Батыс ән-күй мектебі» дәріс-концертіӨтетін орны: Астана қ., Мәңгілік ел, 10/1, «QAZAQSTAN» ОКЗ

Күні: 21 желтоқсан 2022 ж

Басталуы: 19:00

Жанр: дәріс-концерті

Тұрақ: бар

Ұзақтығы: 90 минут

Жас шектеуі: 7+

Қосымша:

 

 

 

Құрметті өнерсүйер қауым! Сіздерді Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының ұйымдастыруымен өтетін «Батыс ән-күй мектебі» атты дәріс-концерт кешіне шақырамыз.

Батыс өңірінің әншілік және күйшілік мұрасы сонау байырғы халық әндері мен Мұхит бабамыздан бастау алған, өзге өңірлердің ән салуы мен күй шертуіне ұқсамайтын өзіндік мәнері бар ерекше мектептердің бірі. Халық композиторы, әнші, ақын, күйші-домбырашы Мұхит бабамыздың мұрасын жалғастырып, ұрпақтары мен шәкірттерінен ән үйренген, өз дәуірінде кәсіби мектеп ашып, көптеген шәкірттердің ұстазы болған Қазақ КСР халық әртісі, әнші Ғарифолла Құрманғалиевтің есімі кеңінен таныс. Ғ.Құрманғалиев Мұхит мұраларын жеткізіп, өзі де осы бабамыздың әндерінің ізімен тамаша әндер шығарған. Іс-шара барысында Мұхит бабамыздың, Ғ.Құрманғалиевтің, Маңғыстау және Орал өңірінің әндері мен толғаулары орындалып, күйлері шертіледі.

Концерттік іс-шараның мақсаты – Батыс өңірінің дәстүрлі әншілік және күйшілік өнерінің дамуына атсалысу, музыкалық және поэзиялық бағыттың ерекшелігін халыққа тереңірек түсіндіру болып табылады. Музыкалық кеште Батыс өңірінің сал-серілері мен күйшілерінің туындыларын дәріптеп жүрген «Халық қазынасы» ұлттық өнер бөлімінің өнерпаздары сахнаға шығады.

Кеш жүргізушісі – Жасұлан Наурызбайұлы.

Рухани кемелденіп, ерекше әсер сыйлайтын әдемі кештен қапы қалмаңыздар! Біз сіздерді күтеміз, құрметті көрермендер!