Scorpions в Алматы

Ажырық

АжырыкӨтетін орны: Шымкент қ., Қазыбек Би к-сі, 34, Шымкент қуыршақ театры

Авторы: О. Қожамбердиев  

Қоюшы-режиссер: Қажыбай  Айтибаев

Ұзақтығы: 45 минут 

Жанр: драма 

Қосымша:

 

 

 

 

Ажырық шөп қана, бірақ ол жемістің шығуын тоқтатады. Тамырына оралып өсім бермейді. Ал, анаша адам өмірін тоқтатады.

Ғасыр дертіне айналған есірткі және оны тұтынудан аулақ болу, кеселдің алдын алу қажеттілігі бүгінгі күн тәртібіндегі ең басты өткір мәселелердің бірі болып отыр. Талай жеткіншек нашақорлық салдарынан қауіпті кеселдің құрбанына айналып, жыл сайын ата-ана, туған-туыстарына қайғы-қасірет әкеліп жатыр.

Қойылым арқылы  балалар нашақорлықтың шын мәнінде қоғам үшін, отбасы үшін зардабы зор екенін біледі. Оқушыларды нашақорлықпен айналысып, өзін – өзі айықпас дертке душар етудің алдын алуға, күресуге, салауатты өмір салтын насихаттауға шақырады. Отбасының іргесі берік болса, балалар мен жасөспірімдердің сыртқы ортаға алаңдаушылығы азаяды.