AÝA. Мақпалдың мақамды жырлары
AÝA
#Maqpalsher
Автор/ақын: Мақпал Жұмабай
Музыкалық жетекші/arrangements/back vocal/кeyboard: Бейбіт Ақош
Bas-guitar/back vocal: Оралxан Сәдуақас
Acoustic guitar: Тимур Шевченко
Electric guitar: Бақыт Жетенов
Drums: Андрей Дыбленко
Ақын Мақпал Жұмабай AÝA атты кезекті LIVE жобасын назарларыңызға ұсынады.
Ақын Мақпал Жұмабай оқырманға өзінің әр өлеңін тек сол шығармаға ғана тән мақаммен жеткізеді. Автордың түсіндіруінше «әр өлең өз мақамымен туады». Поэзия кеңістігіндегі өзіндік жаңалығына ол «мақамды жыр» деген ат берген. Мақпалдың мақамды жырлары: сөз өнері – мақам (саз, әуен) – автор – аспап сынды төрт элементтің қосылуынан түзілген. Жалпы Мақпал Жұмабай поэзия әу бастан музыкалы болған деп санайды. Және поэзияны сақтаудың, дамытудың жолы – cол музыкаға қайта оралуында деп тұжырым жасайды.
Олай болса, Мақпалдың мақамды жырларын тыңдау мүмкіндігін қалт жіберіп алмаңыздар!
Өтетін орны: Алматы қаласы, «ARTиШОК» Гоголь көшесі, 40.