Премьера! Аттила мен Аэций
Авторы: Г. В. Томский
Аударған: Ә. Бөпежанова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Қоюшы-режиссер: А. Кәкішева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Костюм үлгісі: Б. Әбдіманапова
Премьерасы: 17.10.2019 ж.
Жанры: тарихи драма
Ұзақтығы: 2 сағ.
Жас санаты: 16+
Аттила (Еділ қаған) – батыс ғұндар мен еуропалық көптеген тайпалардың басын біріктіріп, үлкен қағанат құрған (б.з. 434-453 жж), әлемдік тарихта ерекше орны бар тұлға. Бұл тақырыпқа осымен екінші рет оралып, бұл жолы жаңа туынды – белгілі аттилатанушы, француз жазушысы Б. Тюргэннің тарихи драмасын сахналап отырған театр интерпретациясында Аттила басқыншы емес, керісінше, Еуропада құл иеленушілік құрылыстың шайқалуына әсер еткен, ондағы халықтарға азаттық әперген ұлы қолбасшы, Ғұн-Рим империясын құруды армандаған көрнекті мемлекет қайраткері, діни сенімдерді қадірлейтін дипломат. Мұның түп тамырында оның ата-баба өсиетіне адалдығы, өмірлік және билік қағидаларына беріктігі жатыр. Бүгінгі күнмен үндесетін, таңбалық мағыналары мол қойылымда Аттиланың сүйікті жары Кере-коға махаббаты, римдік атақты генерал Аэциймен достығы көркем көрініс тапқан.
- Қойылымдағы жыр-монологтар авторлары: Т. Медетбек, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері және Ә. Бөпежанова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
- Визуалды көріністер: М. Күзенбаев
- Режиссер ассистенті: А. Қабдешова
- Режиссер көмекшісі: Г. Сейтімбет
- Қоюшы-суретші: Қ. Халықов
- Композитор: А. Райымқұлова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері және С. Шәменов
- Биін қойған: Ш. Сапарғалиқызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері