Концерт симфонического оркестра «Гарри Поттер и Пираты Карибского моря»

Әсерлі ән сал, домбыра!

Әсерлі ән сал, домбыра!Қазан айының 17-ші жұлдызында Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының Халық ән бөлімінің өресі биік  өнерпаздары «Әсерлі ән сал, домбыра» атты әуезді әндермен өрнектелген кеш береді.     

Өтетін орыны: «Астана» концерт залы.

Концерт аясында Ақан Сері, Сегіз Сері, Тәттімбет, К. Әзірбаев, Т. Ізтілеуов т.б халқымыздың ұлы перзенттерінің өміршең туындылары тарту етіледі. Сонымен қатар, Арқа, Сыр, Батыс Қазақстан, Жетісу өңірлерінің жырлары көрерменнің құлақ құрышын қандырып, «Гүлдара-ай», «Ақайша», «Айжан-ай» сияқты мәңгі өлмейтін халық әндері де шырқалады. Және «Шалқыма» халық би ансамблі кештің сәнін кіргізіп, «Сарыарқа» халық музыка ансамблі күйден шашу шашатын болады.   

Концертке ел мақтаныштары Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Гүлзира Бөкейхан, Айгүл Қосанова, Мәдениет саласының үздігі Нұрай Танабаев, Халықаралық және Республикалық байқаулардың лауреаттары Кұнсұлу Тұрлыбекова, Перизат Тұрарова, Жазгүл Данылбаева, Данияр Мұқан, Әйгерім Нартуеева, Айнұр Қонысбаева, Жалғас Сұлтанов, Зинат Қасымова, Ерболат Шалдыбеков, Телман Нұркен, Сәуле Жанпеисова қатысады.       

Төл өнердің тұнығын әспеттейтін «Әсерлі ән сал, домбыра» концерті жүректерді тебірентіп, жаныңды толқытатыны анық.            
Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының  концерті «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының аясында тарихи-мәдени мұраны сақтау, дамыту және дәріптеу мақсатында өткізіледі.