Scorpions в Алматы

Асауға тұсау

Әлемдік классиканың алтын қорына енген У. Шекспирдің «Асауға тұсау» комедиясы театрымыздағы шеберлігі шыңдалған актерлеріміздің өзге қырларынан аша түспек. Режиссерлік шешім де, актерлік ойын да, жалпы қойылым заманауи үлгіде үн қатады. Комедиялық ситуацияға құрылған оқиға желісі пластика мен актерлік шеберлік арқылы көрермен назарын бей-жай қалдырмайды.

«Асауға тұсаудағы» - асау қызды ауыздықтау емес, кіршіксіз махаббатты шынайы түсінуден тұратын ерлі-зайыптылар арасындағы адал достықты жыр етеді. Сөзі өткір, өр мінезді Петручио мен тапқыр әрі ақылды тентек Катарина екеуінің әзілді қақтығыстары қыз бен жігіттің айтысындай өте тартымды. Әзілқой Грумио, жылпос Транио, жұмсақ мінезді Баптиста тағы басқа кейіпкерлердің мінез-құлқы жалынды жастардың актерлік шеберлігіне ұласқанда, сахна көңілді көріністерге тола түседі. Жарасымды қалжыңымен баурап алатын көркемдік құдіретімен қымбат шығарма режиссердің ұтымды шешімімен сахнаға жол тартты.

Оқиға көңілді музыкамен, орындаушылардың пластикалық қасиетімен ашыла түсетін қызықты қойылым болмақ. Комедияның куәсі болыңыздар.