Қазақстанның көрнекті композиторы Артық Тоқсанбаевтың шығармашылық кеші

ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ КӨРЕРМЕН ЖӘНЕ ҚАЛА ҚОНАҚТАРЫ!

Сіздерді Қазақстанның көрнекті композиторы Артық Тоқсанбаевтың шығармашылығына арналған облыстық симфония оркестрінің концертіне шақырамыз! 

Ұлттық музыка салтанат құратын ғажайып кештен құр қалмаңыздар

Кеш облыстық симфония оркестрінің сүйемелдеуімен өтеді. Оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижері — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Мүсілім Әмзе. Дирижері — Рустам Рысмағамбетов.

Солистер: халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары — А.Табынбаев, А.Қойшығара, Н.Омар, А.Төреғали және Т. Ағыраев (қылқобыз)

Нағыз таланттар өнер көрсететін терең эмоцияға толы шексіз музыка кешінің қонағы болыңыздар!