Scorpions в Алматы

Ақтұмсық пен Сарыүлпек

Ақтұмсық пен СарыүлпекАвтор: 

Премьера күні, жылы: 

Режиссёр: А.Алимов

Актерлар: Ж. Дүйсенбекова, А. Ерменбекова,  Б. Күмісбек,  Қ. Асанов,  Ш. Зеберхан, Е. Айтенов, Қ. Акишева, Е. Мұстафаева

Жанр: ертегі

Ұзақтығы: 35 минут

Жас санаты: 2+

Қосымша: Спектакль қазақ тілінде өтеді

 

Ертегілер әрқашанда қазақ халқының өмірінде маңызды роль атқарып келген.

Себебі, ертегілердің мазмұнында халықтың тұрмыс тіршілігі салт-дәстүрі, әдет- ғұрпы, бүкіл болмысы, адамдардың өзара қарым-қатынасы, мінез-қүлқы т.б. бейнеленген.

Ұрпақ тәрбиесінде ең тиімді тәрбие құралы ретінде ертегі тілі жеңіл, түсінуі оңай болғандықтан, «Ақтұмсық пен Сарыүлпек» ертегісінің балаларға отансүйгіштік, еңбексүйгіштік, т.б. тәрбиелер беруде ғана емес, олардың тілін дамытуда да атқарар қызметінің маңызы өте зор.

«Ақтұмсық пен Сарыүлпек» ертегісі бастауыш мектеп оқушыларының ой-өрісін жетілдіріп, Отанын сүюге, елін қорғауға, өнерді игеруге, жалпы адамгершіліктік құндылықтарды бойына сіңіруге септігін тигізеді.

Сонымен қатар баланың сөздік қорын да молайтуда қызметі өте зор. Ал сөздік қоры мол, тілі дамыған бала - үздік оқушы, себебі жоғарыда аталғандар - жақсы үлгілердің негізі.

Ой өрісі дамып, сөздік қоры молайған баланың айтар ойы да, істер ісі де өнегелі болмақ. Демек, бала тілін дамыту - қоғам дамыған сайын күнделікті қажеттілікке айнала беретін ең өзекті мәселелердің бірін шешуде «Ақтұмсық пен Сарыүлпек» ертегісінің орны зор.