97 человек за последний час интересовались этим событием.

Анашым (2024)

Год выпуска: 2024

Страна производства: Казахстан

Режиссер: Назар Шархан, Данияр Амангельдиев, Ануар Бекмурзаев

Главные актёры: Назар Шархан, Моника Абдрахманова, Нұржамал Әбілқиясқызы, Марлен Арымбай

Жанр: драма, комедия

Продолжительность: 80 минут

Возрастное ограничение: 14+

Дата премьеры: 7 марта, 2024
 

Бір-біріне мүлдем ұқсамайтын төрт әйелдің өмірінен алынған, бір күлдіріп, бір мұңайтатын оқиғалар. Оларды ортақтастыратын не? 

Қалада табысты бизнесін құрған Жанна кенет туған ауылындағы жер телімі мен малдың мұрагері болды. Гүлзия апайдың мұраты жұмыс деп жан-жаққа шашыраған бала-шағасының басын қосу. «Әркімнің тағдыры жазған қосағы бар дейді, мен болсам әлі жалғызбын. Мүмкін менің жұбым адасып кеткен шығар, әлде мен адастым ба екен» деген Айжан махаббатын күтуден шаршаған сыңайлы. Жанат бір кезде арманшыл жан еді. Қазір оның арманы да, күш-қуаты мен қамқорлығы да тек балалары мен төрт түлік малы төңірегінде. Өмірде түрлі жағдай болады, қиындықтар да кездесіп тұрады. Соған қарамастан кейіпкерлеріміздің әрқайсы махаббатын, өмірге деген құлшынысы мен үмітін жоғалтпаған. Фильм қиырдағы ауыл мен қаланың қым-қуыт өмірін байланыстырады, ал негізгі шешуші сәттерде қиындықты жеңіп шығуға махаббат мен адамгершілік көмектеседі. 

Әр кейіпкер өз қиындығын, қуанышын айтып береді, сырлы оқиғалар бізге махаббаттың, өзара қолдау мен үміттің қаншалықты маңызды екенін көрсетеді.