rebranding
97 человек за последний час интересовались этим событием.

Премьера! «АМАНАТ»

Премьера! «АМАНАТ»

Өтетін орыны: Шымкент қ-сы, Нурсат ықшам ауд, Н.Назарбаева даңғылы, 6, Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры

Премьера күні: 7,8,9 қазан 2020 ж

Қойылымның көркемдік жетекшісі: Ш.Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты Қуандық Қасымов

Қоюшы режиссер: Алмас Шымалиев

Жанр: Этно-композициялық толғау

Ұзақтығы: 1 сағат

Жас санаты: 12+

 

«Шымкент 2020 – ТМД елдерінің  мәдени астанасы»  жылы аясында
87-театр маусымының  ашылуына арналған «Аманат»
толғауы.

Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театры,  7,8,9–қазан күндері сағат 18.30 да жаңа жігер, ыстық ықыласпен  
көптен күткен  87–театр маусымының ашылатынын  қуана хабарлайды!

Карантин режимі мен санитарлық талаптарды  сақтай отырып, театр маусымының ашылуына арналған «Аманат» толғауының премьерасын  ұсынамыз!

Жер жаратылғалы қазақ даласы сан-алуан кезеңді басынан өткерді. Жеңіс пен жеңілістің аударыспағында Сақ даласын "Жеті патшалықтың падишаһы" Кир патшаның сан мыңдаған әскерінің тұяғынан аман алып қалған Томирис патшайымнан басталған ұлт тарихы – бүгінгі ұрпаққа айнымас аманат. Мыңжылдықтың бесінші ғасырынан тарих сахнасына шыққан көкті тітіреткен түрк қағанаты кезеңінде Тұран даласындағы Отырардан алыстағы Шам шаһарына білім іздеп "Шығыстың жеті жұлдызының" бастауына айналған Әбу Насыр әл-Фарабидің жаһұт ойлары сахна төрінде ой толғайды.  Бытыраған қазақтың басын біріктіріп, Қазақ хандығының іргетасын қалаған Керей мен Жәнібек хандар, ұлт болашағы үшін тебіренген Абайдың дана ойлары актерлік ойын мен би ырғағымен өрнектеле еркеше көрініске айналады. Бабалардың күрес жолын бүгінгі жарқын күнмен ұштастыратын этно-композициялық толғау көрерменге ғасырлар қойнауынан сыр тартады. 

Қоюшы суретші: Қалтөре Жұмақұлов ҚР Мәдениет қайраткері

Балетмейстер: Әли Жүсіпов  

Хормейстер: Әліхан Айдархан

Рөльдерде: 

Тарихшы – Бақытжан Дәулетжанов
Томирис – Жәмила Бекмұрзаева
Әль Фараби – Дүйсебек Аралбаев
Керей сұлтан – Сержан Құттыбаев
Жәнібек сұлтан – Руслан Нұрманов
Абай – Еркін Шымырқұлов, ҚР Мәдениет қайраткері 
Шәмші – Бақытжан Абдухаликов
Изольда – Мөлдір Зияева 

Көпшілік сахнада: 
Е.Аманғалиев,  А.Қалыбеков, О.Мұсабеков,  Е.Дүйсебаев,  Е.Тұрымбеков, Б.Абдухаликов, Н.Орынбек,  М.Тауасар, А.Төленов, Ф.Оразова, Б.Қожамұратова, А.Әділбекова,  М.Зияева, А.Дәуренбекова, Г.Ильясова, А.Тәттіқұлова, Н.Ғабит

Билет қайтару шарттары: танысу