Юрий Николаенко в Алматы

Алғашқы махаббат

Өтетін орны: Астана қ., Ілияс Есенберлин көшесі, 10, «Жастар»​ театры

Автор: Қ. Жүнісов 

Премьера күні: Қыркүйек, 2014 жыл

Режиссёр: Дәурен Серғазин — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Актерлар: Нұрлыбек Төлеген, Данияр Оразаев, Мәдина Май ж/е т.б.

Жанр: комедия

Ұзақтығы: 1 сағат 50 мин

Қосымша:

 

Бұл – қызығы мен мұңы аралас албырт кезеңдегі аяулы сезім. Сірә, махаббат «машақатын» көрмеген жан кемде-кем болар. Ал алғашқы сезімі ұстазына оянып, өзінен әлдеқайда үлкен қызға ғашық болған бозбала жайлы естіп пе едіңіз? Бұл – албырттық па, әлде ақымақтық па? Бәлкім, шынайы сезім шығар...

Езуге күлкі үйірер осындай шытырман оқиғаға құрылған комедия көрермен назарын бей жай қалдырмайды. Мектеп өмірінің кіршіксіз сәттері, алғашқы махаббат, бейкүнә сезімдер суреттелетін қойылым қызықты ситуация, ұтымды әзілімен ә дегеннен жаныңызды баурап алары сөзсіз. Себебі, үлкен өмірге қадам басып, үлкен әлемнің дәмін татқан адамның жүрек түкпірінде партадағы сол бір аяулы шақтарына деген сарқылмайтын сағынышы сайрап жатары анық. Ал дәл осы сәтті басынан өткеріп жатқан мектеп оқушылары үшін тіпті қызық қойылым болмақ.

Қоюшы суретші – Ерлан Тұяқов, «Үміт» сыйлығының иегері
Балетмейстер – Анар Жүсіпова,  Қазақ мәдениетінің қайраткері
Әуенін өңдеген – Жандәулет Батай, Мемлекеттік Президент стипендиясының иегері
 
Кейіпкерлер: 
Қанат (оқушы) – Нұрлыбек Төлеген, «Еңбек даңқы» медалінің иегері, Нұрбек Әділбек
Гүлзат Болатқызы (жас мұғалім) – Мәдина Май, «Еңбек даңқы» медалінің иегері
Назерке Серікболова, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының иегері
Қайыржан (оқушы) – Ербол Тілеукенов, «Еңбек даңқы» медалінің иегері, Мейірғат Амангелдин, «Үміт» сыйлығының иегері
Айтгүл (оқушы, старосты) – Айман Есенқызы
Сайра (оқушы) – Наурыз Сабағатова
Жасболат (оқушы) – Мейірғат Амангелдин, «Үміт» сыйлығының иегері
Ербол Тілеукенов, «Еңбек даңқы» медалінің иегері
Еділ (оқушы) – Айсұлтан Жалиев
Айбол (ересек жігіт) – Әділ Ахметов, Қазақстанның еңбек сіңірген, қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Бекжан Керімбаев, «Шапағат» медалінің иегері
Батыр (жас жігіт) – Азамат Эсқұлов, Мәденеит саласының үздігі, Елдос Шәйкенов, «Еңбек даңқы» медалінің иегері
Ырымтай Құлжабайұлы (мектеп басшысы) – Жандаулет Батай, Мемлекеттік Президент стипендиясының иегері
Катя (Гүлзаттың сіңілісі) –  Қаламқас Мелисова, Жанель Рыскелдинова