Ахмет!

Алаштың арда азаматының  бұл жолғы мерейтойы  ЮНЕСКО көлемінде әлемнің бірнеше елінде тойланады.

Қазақ халқының қоғамдық ой санасының дамуындағы барлық саяси қозғалыстар А.Байтұрсыновтың есімімен байланысты. Ол бейбіт ұлттық либерализмнен Октябрь революциясын және Совет өкіметін тануға дейінгі саяси даму кезеңдерінен өтті. Ахмет Байтұрсынов және оның серіктері,шын мәнінде кеңестік билікті амалсыз мойындады.Бірақ Ахаң ешқашанда қазақ халқының рөлін көтеруге және қазақ елін ұлттық тұрғыдан  дербес  ету идеясынан бас тартқан емес. Бұл қойылымда қайраткердің  ұлттық «Алаш»партиясын жандандыруға  тікелей атсалысқан  және Алаш елін құруға бағытталған ойлары мен тұжырымдары біздің мына ғасырымызда да өз құнын жолғалта  қоймағанын байқаймыз.

Актерлар: 

Ахмет-Еркебұлан Айтенов
Ахмет жас кезі-Нұрбол
Сатқын –Сағи Биғабылов
Сатылған –Қанат Асанов
Бадрисафа-Құрбанай Акишева
1. Тергеуші-Шырынхан Зеберхан
2. Тергеуші-Малика  Ерметова
Іңкәр-Жансая Дүсенбекова