Концерты
Ақ қанат-Ақ құсым

Расписание
Нет доступных сеансов для выбранных фильтров
Измените выбор или сбросьте фильтры
Описание
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Ұлықпан Жолдасовтың шығармашылығы өте танымал: жанкүйерлер оның әндерінің ерекше лиризмі мен әуезділігін атап өтеді. Музыканттың бүкіл өмірі музыкамен байланысты, ал оның туындылары нәзік те бай рухани әлемнің, көңіл-күйдің, ойлар мен сезімдердің көрінісіне айналған. Ұлықпан Жолдасовтың әндерін Мақпал Жүнісова, Мәдина Сәдуақасова, «МузАРТ» «Нұр-Мұқасан» және басқа да қазақстандық эстрада жұлдыздары мен ұжымдары орындайды. «Махаббат маусымы» әні Алтынай Жорабаеваға Голливудтағы халықаралық байқауда бас жүлде алып берді.
22 қараша күні музыка сүйер қауым қазақстандық әндердің алтын қорын құрайтын Ұлықпан Жолдасовтың «Жайна», «Сен жаным», «Өмір-көктем», «Романтик», «Жұлдыздар», «Әдемім», «Білемін», «Сүйіктім», «Сенім», «Ұлы дала» және т.б. шығармаларын тыңдауға мүмкіндік алады.
Филармония сахнасында атақты әнші әрі композитор Ұлықпан Жолдасов және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Майра Ильясова, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері Алтынай Жорабаева, Қанат және Светлана Айтбаевтар, Естай Мұқашев, Арайлым Рахым, Гүлнұр Оразымбетова, Зарина Омарова, Фарида Жолдасова, Мұратбек Хайролда, Диана Май, Алтыншаш Мұқатаева. Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Әкімхан Маженов, Акбота Кұснадин, Айдын Жұмабай, Қымбат Жамбылбек, Парасат Отан және «JL» тобы, DJ DAKE өнер көрсетеді.
Өтетін орны
Астана қ., Мемлекеттік академиялық филармония МКҚК. Е. Рахмадиев атындағы
Премьера күні
22 Қараша, 2023 жыл
Жанр
концерт
Ұзақтығы
1 сағат 30 минут
Жас шектеуі
7+
Возрастное ограничение
7+