Абай - Тоғжан. Астана қаласы әкімдігінің музыкалық жас көрермен театры Оралда!

Өтетін орны: Орал қ., Х.Бөкеева атынд. обл. қазақ драма театры.

Спектакль авторы: Мұхтар Әуезов, Инсценировка авторы Мирас Әбіл

Премьера күні: 14 желтоқсан  2020

Қоюшы Режиссер: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Асхат Маемиров

Жанр: музыкалық драма

Ұзақтығы: 1 сағ. 20 мин.

Жас шектеуі: жоқ

Қосымша:

 

 

Адамзат тарихындағы біртуар тұлғалардың болмыс-бітіміндегі жасампаз рух – балалық шақтан бастау алады. Жас ұрпақтың дүние танымына, жан дүниесіне, рухани болмысының қалыптасуына әсер ететін «Абай-Тоғжан» музыкалық драмасына Абай ғұмырының бозбала кезеңі арқау болды.

Жас Абайдың жүрегінде оянған алғашқы махаббаты, көкірегінде туған тұңғыш жыры әуезді әнге айналып, ішкі сезім тебіреністерін аласапыран күйге салады. Тоғжанға деген іңкәр сезім – өмірге деген құштарлыққа ұласып, Абайдың адамзатқа деген асқақ махаббатының темірқазығына айналды. Құнанбайдай әкенің тағылымы, Ұлжандай ананың өнегесі, қоршаған ортаның тылсым сыры, ғашықтықтың ғаламаты, дос пен бауырдың қадірі жас көрерменнің жанына рухани ләззат сыйлап, санасына көркем көзқарас қалыптастыруға ықпал етеді. Абай поэзиясындағы ойлы жырлар мен есті әндер орындалатын қойылымда ұлттымыздың құндылықтары сахна биігіне көтеріледі. Халықтық сана, ұлттық тәрбие, бабалар дәстүрі, ұлы дала ұлағаты – ғашық Абайдың жан сүзгісінен өтіп, жас суреткерді «Сүйесің жүрек, күйесің» деген ұғымдарына қарай жетелей береді. Жас Абайдың әлемі – көрерменге «Ғашықтың тілі – тілсіз тіл» екендігін ұқтырады.

Актерлар:

Абай – Аян Өтепберген, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері»

Аман Ғұмаров
Дінислам Нұрмағанбетов
Дидар Төлеген

Тоғжан – Арелана Амангелдиева
Диана Асқар
Жансұлу Төлегенова

Құнанбай – Берік Айтжанов,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Алтынбек Аманқұлов
Расул Усманов

Ұлжан – Самал Еслямова,
71-ші Канн халықаралық кинофестивалінің жеңімпазы,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Гүлдана Әбдісадық


Оспан – Асылхан Төлепов,
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері
Жасұлан Абдрахман