Абай
Мекен жайы: Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Көктем ш/а, 24, Б. Римова атындағы Талдықорған драма театры.
Автор: М. Әуезов
Қоюшы-режиссер: Қ. Қасымов (Шыңғыс Айтматов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты)
Қоюшы-суретші: Қ. Шалабаева (ҚР «Мәдениет саласының үздігі»)
Жанр: трагедия
Жас санаты: 12+
Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған М.Әуезовтың «Абай» трагедиясы қазақтың кемеңгер ақыны, данышпаны Абай Құнанбаевтың қайраткерлік өмірі мен шығармаларының құндылығын айқындап қана қоймай, сол дәуірдегі қазақ халқының әлеуметтік-қоғамдық тіршілігін, дау-дамайға, тартысқа толы таптық қоғамның шынайы бейнесін де шебер суреттейді.
Мұңда, Абайдың адамгершілік, ақындық және өз елінің бостандығы жолындағы күресі, феодалдық-рулық шиеленіс, Жиренше Керім, Абай арасындағы қақтығыстар туындының мазмұнын аша түседі.Шешендік сөздер, айтыс, беташар, жар-жар, бата беру, туған жермен қоштасу сияқты ауыз әдебиетінің үлгілері де терең көрініс табады.