Мероприятия Stages.kz

ABAI «JAN»

Премьера! ABAI «JAN»

 22 қаңтар,  сағат:19.00.

Танымал театр және кино актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері НҰРКЕН ӨТЕУІЛОВ пен жас режиссер Фархат Молдағали "JAN" моноспектаклін ұсынады.

ABAI «JAN»

Абайдың жаны, Абайдың лебі, Абайдың үні, Абайдың тынысы – заман тынысы, халық үні.

Бірақ, бұл Абайдың өзі де, үні де бөлек. Бүгінгі Абай бұрынғыдан өзгерек. Мұнда көп мойындаған кемеңгер ақын жоқ, бар дүниені тәрк етіп, өзі ойымен күрескен, арпалысқа түскен Адам – Абайдың  жан дүниесі, ішкі монологы, жүрек сұрақтарының арпалысы бар. 
Ол – адам. Ол – қазақ. Ол –  Сіз бен Біз. Абай осы жайлы айтады.

Жан. Мінезіңнің, болмысыңның, әрекет пен сөзіңнің – ақ иесі. 
Абай. Ұлтыңның, жеріңнің, тіліңнің, дініңнің – өлшемі.
Абайдың жаны – түнектен жарыққа, жамандықтан жақсылыққа, ғадауаттан махаббатқа, зұлымдықтан мейірімге бастар жол.
Түсін. Түйсін. Ізде. Тап.

Қоюшы режиссері – ҚР «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Фархат Молдағали.

Қоюшы суретшісі – ҚР Мәдениет қайраткері Қанат Мақсұтов.

Композиторы – ҚР «Серпер» Жастар Одағы сыйлығының иегері Олжас Жақыпбек.

Өтетін орны: Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры.

Басталуы:19.00