
404
Описание
Квазимемлекеттік ұйымда өз орнын тапқысы келгендер алдында сынақ пен таңдау тұр. Бюрократия мен абсурд жүйе қандай шарт ұсынады… Шексіз және құбылмалы ережелер үстемдік құрған жерде адам болмысына орын бар ма? Жүйені бұзатын еркіндік пе? Шындық па? Шынайылық па? Әлде… 404 аймағында не болып жатыр?..
Бұл спектакль aLqa жобасы аясында сахналанды. aLqa жобасы еліміз театр өнеріндегі құндылық және көркемдік ізденістер мәселесін нысанға ала отырып, театр мен академиялық орта эксперттерін тоғыстырып, демократия құндылықтарын және театр эстетикасындағы жаңа конвенцияны негіз еткен сапалы туындылар жасалуына ықпал етуді, сондай-ақ, шығармашылық тәуелсіздікті дәріптеуді мақсат етеді. Жоба аясында драматургия, режиссура бойынша курстар өткізіліп, курсқа іріктелген 5 драматург пьеса жазып, 5 режиссер сол пьесалардан спектакль қойды. Драматургия курсын әннәс Бағдат, режиссура курсын белгілі актер, режиссер, театр педагогы Куба Адылов жүргізді.
Драматург
Димаш Зиядин
Режиссер
Лаура Мақан
Суретші
Марк Куклин
Композитор
Райымбек Ерланұлы
Жарық
Иван Юрьевич
Пластика
Әлімжан Қайрат
Актриса
Жанна Қапасова
Актер
Мәди Жолдасбек, Мұхтар Қосыбай
Ментор
әннәс Бағдат, Куба Адылов
Атқарушы продюсер
Дәурен Бақберген
Продюсер
әннәс Бағдат
Жанр
спектакль
Возрастное ограничение
12+
- ДатаМестоЗонаВзрослымДетям
- 30мартавсArtKösheЗал со свободной рассадкойот 4000 ₸от 2900 ₸