«Уақыт-Өмір»
Өтетін орыны: NOMAD CITY HALL концерттік залы, Нұр-Сұлтан қ, Мәңгілік ел көш, 55/2, B2-3
Премьера күні: 23, 24 қазан 2020 жыл
Қоюшы хореограф: Светлана Доминская
Жанр: хореографиялық спектакль
Ұзақтығы: 1 сағат
Жас санаты: шектеу жоқ
Қосымша:
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекетік би театры МКҚК» осы жылдың 23 қазанында «Уақыт-Өмір» атты жастарға арналған философиялық, хореографиялық спектаклінің премьерасын өткізетіндігін хабарлайды.
Жаңа маусымда көрерменге жол тартқалы отырған бұл қойылым театр репертуарындағы алғашқы музыкалық - хореографиялық туынды. Әнді кәсіби әншілер орындайды. Бұл қойылым философиялық бағыттағы бүгінгі күннің тынысын бейнелейтін заманауи спектакль. Қоюшы хореограф осы театрда қызмет еткен, қазір Санкт-Петербургте білімін ұштап жатқан маман Светлана Доминская.
- Ертеңгі күніміз бұлыңғыр....
- Құлдық баяғыда жойылды дейміз! Ал құлдық сана ше? Ол қазір арамызда жүр. Тек басқа бейнеде ...
- Біз тым астамсып, масайрап кеттік... біреуді кемсітуге, табалауға бойымыз үйренген... үлкендерді құрметтеуден қалып, тіпті қорлаудан да тайынбаймыз...
- Жоқ! Олай болуы тиіс емес!
- Біз әлемімізді сүюіміз керек!
- Бес күндік жалғанда бір-біріңе мейірімді бол, жақындарыңды қадірле!
- Табиғат-Ананың жанын жаралама!
- Бұл дүниеге қонақ екенімізді ұмытпай, Жаратқанның бізге сыйлаған өміріне шүкіршілік ете білу де сенің азаматтығың...
- Дүниенің түбіне жеткен ешкім жоқ!
- Есіңде болсын! Сәннен қалмай, байлық қуғандардың бәрі үлкен жетістікке жете бермейді...
- Біреудің өміріне араласпа! Өз өмірінің қожасы бол!
- Айналаңа үлкен жүрекпен, махаббатпен қарауды үйрен!
Біз бұл қойлымды қоғамдағы өзгерістерге бей-жай қарамайтын, көзі қарақты көрерменге арнаймыз. Спектакль – қоғамдағы адами құндылықтардың жоғалуын, экологияны бұзылып жатқанын тілге тиек етеді.
Билет қайтару шарттары: танысу