Scorpions в Алматы
97 человек за последний час интересовались этим событием.

«Уақыт-Өмір»

«Уақыт-Өмір»

Өтетін орыны: NOMAD CITY HALL концерттік залы, Нұр-Сұлтан қ, Мәңгілік ел көш, 55/2, B2-3

Премьера күні: 23, 24 қазан 2020 жыл

Қоюшы хореограф​: Светлана Доминская

Жанр: хореографиялық спектакль

Ұзақтығы: 1 сағат 

Жас санаты: шектеу жоқ

Қосымша:

 

 

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекетік би театры МКҚК» осы жылдың 23 қазанында  «Уақыт-Өмір» атты жастарға арналған философиялық, хореографиялық спектаклінің премьерасын өткізетіндігін хабарлайды.  

Жаңа маусымда көрерменге жол тартқалы отырған бұл қойылым театр репертуарындағы алғашқы музыкалық - хореографиялық туынды.  Әнді кәсіби әншілер орындайды. Бұл қойылым философиялық бағыттағы бүгінгі күннің тынысын бейнелейтін заманауи спектакль. Қоюшы хореограф осы театрда қызмет еткен, қазір Санкт-Петербургте білімін ұштап жатқан маман Светлана Доминская.  

  • Ертеңгі күніміз бұлыңғыр.... 
  • Құлдық баяғыда жойылды дейміз!  Ал құлдық сана ше?  Ол қазір арамызда жүр. Тек басқа бейнеде ... 
  • Біз тым астамсып, масайрап кеттік... біреуді кемсітуге, табалауға бойымыз үйренген... үлкендерді құрметтеуден қалып, тіпті қорлаудан да тайынбаймыз... 
  • Жоқ! Олай болуы тиіс емес! 
  • Біз әлемімізді сүюіміз керек! 
  • Бес күндік жалғанда бір-біріңе мейірімді бол, жақындарыңды қадірле! 
  • Табиғат-Ананың жанын жаралама! 
  • Бұл дүниеге қонақ екенімізді ұмытпай, Жаратқанның бізге сыйлаған өміріне шүкіршілік ете білу де сенің азаматтығың... 
  • Дүниенің түбіне жеткен ешкім жоқ! 
  • Есіңде болсын! Сәннен қалмай, байлық қуғандардың бәрі үлкен жетістікке жете бермейді...   
  • Біреудің өміріне араласпа! Өз өмірінің қожасы бол! 
  • Айналаңа үлкен жүрекпен, махаббатпен қарауды үйрен! 

Біз бұл қойлымды қоғамдағы өзгерістерге бей-жай қарамайтын, көзі қарақты көрерменге арнаймыз. Спектакль – қоғамдағы адами құндылықтардың жоғалуын,  экологияны бұзылып жатқанын тілге тиек етеді. 

Билет қайтару шарттары: танысу