Scorpions в Алматы

Келе жатыр құс қайтып

2024 жылғы 9 сәуірде өтетін «Келе жатыр құс қайтып» атты концерт  КСРО халық  әртісі, Халық қаһарманы, күйші, композитор, дирижёр  Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығына арналады.  Әр жылдары Абай атындағы опера және балет театрының дирижёры, Құрманғазы атындағы Ұлттық оркестрдің бас дирижёры, 1982 жылы өзі құрған «Отырар сазы»  фольклорлық – этнографиялық оркестрдің дирижёры болып қызмет істеген көрнекті композитор Нұрғиса Тілендиевтің шығармалары және әндері жас ұрпақты рухани байытып, патриоттық сезімге баулиды. Бұл туындылар еліміздің алтын қорына енген шығармалар. Концертіміздің қонағы «Отырар сазы»  атындағы  академиялық фольклорлық – этнографиялық оркестрінің  дирижёры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Нұрғиса Тілендиевтің қызы – Дінзухра Тілендиева. Концертіміздің кешінде Нұрғиса Тілендиевтің шығармалары және белгілі әндері орындалады.