ТЮЗ г. Темиртау

«Неге, жаным, шығарып сала алмадың?..»

  Теңізде туған тұлға… Өзі аяқсыз қалса да, сөзі аяқсыз қалмаған –  Зейнолла ақын. Өлеңмен өрілген өмір. Тағдырына табандылық танытқан ақынның, үмітін үзбеген қандай күш? Әйкерімге ғашық болған Зейнолла оны бақытты ете алмасын біледі. Бірақ сүйеді… Сыйластықпен басталған сезімнің қимастыққа ұласқаны өте өкінішті. Теңізде туған тағдырлы ақынның шиеленісті өмірі, шырғалаңға толы сәттері мен шығармашылығындағы шерменде күйін сезінудің өзі – қиынның қиыны.  Ендеше, қойылымды бірге тамашалайық!