ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Очистить
Отмена
Поиск
Тараз
ticketon cabinet
Войти
ЯзыкРус
контакты
Ақ кеме

Ақ кеме

Описание

«Ол екі ертегі білетін. Біреуі, өзінен басқа тірі жанға белгісіз сәби қиялынан туған. Екіншісін, атасы айтып берген. Кейін екеуі де ғайып болды.»

«Ұрпақ өмір жалғасы» ұстанымына сай ата мен немере арасындағы нәзік жіп, ұлттық, халықтық тін ешқашан үзілмесіне сенгіңіз келеді. Оны сақтап қалу, алтын көпірдің беріктігі әркімнің өз қолында...

Ұлы суреткердің: төрткүл дүниенің бір бұрышындағы әсем табиғат аясында алты ересек жан мен жеті жасар баланың тіршілік кешіп, аңыз бен шындықтың ара-жігін атасы айтып беретін ертегілер арқылы ғажайып ретінде қабылдайтын және әкесінің күндердің күні «Ақ кемемен» келетініне сенетін Бала туралы шығарма бәрімізге етене таныс.
...Күн шықса шексіз көкжиектерге дүрбімен қарап, кеш батса айдын көлге ақ қанат арман-қиялында «ақ кеме» салып, әкені аңсаумен, ана құшағына жарымай, маңайындағы жандардан жылулық көрмей, атасын ғана медет тұтқан кішкене жүректі, ұлы тілекті ұлдың жайы не болмақ?..

Бала көзімен әлемнің қуанышы мен қайғы-мұңына үн қосқан, аңызға бергісіз сахналық шығарма көрерменін бей-жай қалдырмасы анық.

Қадірлі көрермен!
«Ақ кеме» көптеген театрларда сахналанған.
Ғ.Мүсірепов театрының бұл жаңаша нұсқасын көріп, өзінше ой түйіп, көзайым болыңыз!

Читать полностью
  • Өтетін орны

    Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 38, Ғ. Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

  • Премьера күні

    18.12.2022ж

  • Авторы

    Шыңғыс Айтматов.инц жасаған Нұрайна Сәтпаева

  • Аударған

    Ағзия Көлбаева.

  • Режиссёры

    Дина Жұмабай.

  • Суретшісі

    Лилия Хисматуллина

  • Жанры

    Траги-әфсана.

  • Жанр

    драма

  • Возрастное ограничение

    12+

Поделиться:

Расписание
  • Дата
    Место
    Зона
    Взрослым
    Детям
  • 13
    апреля
    сб
    ТЮЗ им. Г. Мусрепова
    Зал
    от 600 ₸
    от 600 ₸