Scorpions в Алматы

Тартюф

«Адамның жүрегі мейірімділікке толы, бірақ ақыл - ойы қараңғы болса, ақыры өз өміріне үлкен қиындықтар әкеліп, түбі бақытсыз етеді», - деп жазды Лев Толстой.

Бірақ бұл оның өмірін ғана емес, жақындарын да бақытсыз етпек. Әсіре діншілдік, діни фанатизм, радикалды ұстаным бәрінің де бір тамыры – қараңғы ақыл. Қараңғы ақыл ақымақтық деңгейіне дейін сенгіш болады, оны басқару оңай, кез-келген болымсыз нәрсеге иландыру жеңіл. Қараңғы ақылға шындық пен жалғанның ара-жігін айыру қашанда қиын, ал оны еріксіз басқару сондай оңай. Қараңғы ақыл қорланып, ерте ме, кеш пе өзін ғана емес, жақындарын да, өзінің мейірімді жүрегін де жояды. Өйткені оны қанішер мен қаныпезерге айналдыру сөз емес. Аңыз, ертегіге әсіресе «авторитет» адам айтса, мейлі ол тақияда, тіпті монах киімінде болсын теледидардан сөйлесе қараңғы ақыл сондай сенгіш.

Актерлар:

Тартюф – Асланбек Шайсұлтанов
Оргон – Төлеубек Көнбай ҚР Мәдениет қайраткері
Мариана – Гүлнұр Қожанова, Диана Ауталипова
Пернель ханым – Жанар Құсайынова ҚР Мәдениет қайраткері
Элмира – Әсем Шайсұлтанова
Дамис – Намыс Мақсатұлы
Валер – Әліби Мұратұлы
Клеант – ЖалғасТуйгумбаев
Дорина – Маржан Бөкешова
Лояль мырза – Қайрат Мурзабулатов ҚР Мәдениет қайраткері
Флипота – Үмітжан Ахмет
Лоран – Ержан Аубакиров