Kinoman

Қыран қазақ

«Қыран қазақ»Мекен-жайы: Қарағанды, Бұқар жырау даңғылы, 27, Сәкен Сейфуллин атындағы театр

Автор: К. Жұмабеков, М. Жұмабеков  

Премьера күні

Қоюшы-режиссер: Қ. Қасымов

Жанр: драма

Қосымша:

 

 

 


Биыл 2-ші Дүниежүзілік соғыста асқан ерлік көрсетіп, жауға қырғидай тиген жерлесіміз Нүркен Әбдіровтың туғанына 100 жыл толады. 

Осы ретте Халықтар достығы орденді С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының шығармашылық ұжымы Совет Одағының Батыры Нүркен Әбдіровтың туғанына 100 жыл толуына арналған  қойылымның дайындығын бастап кетті. Пьесаның авторы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, актер-драматург Кеңес Жұмабеков.

Қазақтың батыр ұлына арналған «Қыран қазақ» пьесасын сахналау үшін қазақстандық белгілі режиссер, Ш. Айтматов атындағы Халықаралық  сыйлықтың лауреаты Қуандық Қасымов арнайы шақырылды. Қоюшы-суретшілігіне  ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Есенгелді Тұяқов тағайындалып отыр. Нүркен батырдың рөлінде театр артистері Бауыржан Нұрмағамбетов пен Ақай Жұмамұратов,  ал батырдың анасының образын Сәкен театрының белді актрисалары Нұржібек Жансүгірова мен Бижамал Кемалова сомдайды.

Нүркен Әбдіров Қарағандыдай қазыналы ұясынан түлеп ұшқан 22 жасар қыран. Соғыста көрсеткен ерен ерлігі, көзсіз батырлығы үшін Совет Одағының Батыры атағын алды.  Нүркен шын мәнінде батыр- ұшқыш қана емес, жаудың төбесіне жай оғындай тиген қырағы қыран еді. Ол Отанын сүйген, елі үшін отқа да жануға, суға да түсуге дайын болған жалынды жастардың қатарынан болды.  Нүркен көкке ұмтылған, армандары асқақ ұлтымыздың ұланы болатын. Қазақ халқының мақтанышы болатын осындай Батыр ұлы адамзат баласының бақытты болашағы үшін өз өмірін құрбан етті. Ер есімі ешқашан ұмытылмайды.