Оплатите билеты в приложении Freedom SuperApp — получите на карту
CHANEL №5
Описание
Өтетін орны: Жас көрерменнің музыкалық театры, Астана қаласы, Ж. Омаров көшесі, 47б
Спектакль авторы: Мадина Омарова
Премьера күні: 17,18,19,20,21 желтоқсан 2021
Қоюшы Режиссер: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері - Асхат Маемиров
Жанр: деректі драма
Ұзақтығы: 2 сағат. 45 мин. (ортада 10-15 мин. үзілік)
Жас шектеуі: 16+
Қосымша:
Адамзат тарихында орын алған ең үлкен қасіретті терорлардың бірі -1937-1954 жылдар аралығындағы Сталиндік репрессия екені белгілі.
Ұлттық мүдде мен елдік мақсатты ту еткен, отандық білім мен ғылымның, өнеріміз бен мәдениетіміздің ілгерілеуіне ат салысқан Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, Б.Майлин, І.Жансүгіров, С.Сейфуллин, Т.Жүргенов, Ж.Досмұхамедұлы, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбердіұлы, Ж.Шанин сынды өткен ғасыр басында қалыптасқан қазақтың саяси элитасы «халық жауы» деген жазықсыз қиянатпен қуғын-сүргінге ұшырап, ату жазасына кесіліп, тірі қалғандары түрмеге тоғытылды.
Ұлттық идея үшін басын бәйгеге тігіп, Алаштың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған үркердей арыстар тобы түгелге дерлік жалған жаламен «халық жауы» аталып, сталиндік әкімшіл-әміршіл жүйенің құрбандары болса, олардың жарлары, ұл-қыздары да озбыр қоғамнан жазықсыз жапа шекті.
Кеңестік тоталитарлық жүйе «халық жауларының» жарларын да сатқын есебінде қамауға алу жөнінде бұйрық шығарды. Осы бұйрықпен жазықсыз 20 мыңнан астам әр өлкеден, әрбір жерден жиналған әйелдер темір торға қамалып, Қазақстан аумағындағы КарЛАГ-тың филиалы саналатын, халық арасында «А.Л.Ж.И.Р. лагері» (Акмолинский лагерь жён изменников Родины) сол кездегі Ақмола қаласының іргесіндегі 26-шы жұмысшы поселкесінің аумағындағы №26-шы нүктеде жазаларын өтеді.
Музыкалық жас көрермен театрының ұжымы сахналаған драматург М.Омарованың «CHANEL№5» деректі драмасына - аяулы арыстардың идеясына, өмірлік мұраттарына адалдық танытып, сол үшін «А.Л.Ж.И.Р.»-ге айдалып, нәзік тағдырлары тәлкекке түскен, қилы сәттерде жан сарайларына дақ түсірмей, ішкі рухының мықтылығын жоғалтпаған әйелдер бейнесі арқау болған.
Өтетін орны
Жас көрерменнің музыкалық театры, Астана қаласы, Ж. Омаров көшесі, 47б
Спектакль авторы
Мадина Омарова
Премьера күні
17,18,19,20,21 желтоқсан 2021
Қоюшы Режиссер
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері - Асхат Маемиров
Жанр
деректі драма
Ұзақтығы
2 сағат. 45 мин. (ортада 10-15 мин. үзілік)
Жас шектеуі
16+
Возрастное ограничение
16+
Расписание
- ДатаМестоЗонаВзрослымДетям
- 31январяптМузыкальный театр юного зрителяНовый Залот 3000от 1500от 1500