rebranding

«Беу, қыздар - ай!»

«Беу, қыздар-ай» қойылымы әзіл мен әннен құралған, махаббат тақырыбындағы  комедия.  Қаланың  өнерлі де, өрелі үш жігіті өмірлік серігін іздеп ауылға аттанады. Бірі режиссер, бірі ақын, бірі композитор. Көздегендері- көрікіне ақылы сай, еті тірі, ауылдың бетке ұстар дизайнері,әрі әнші, айдай сұлу Айсұлу. 

Осы жерден олардың махаббат машақатына толы хикаялары басталады. Соңында үш жігіт те ауылдан өз Айсұлуларын табады.  Қызыққа толы оқиғалар мен әсем әндер кез-келген көрермендерді баурайтыны сөзсіз. Әрбір сахна әзілмен өріліп, бүгінгі заманның өзекті мәселесін жеңіл жеткізеді.