Өрт
Описание
Бұл оқиғада оңы мен солын танып келе жатқан жас жеткіншектер үшін өте керекті танымдық-тәлімдік дүние екені көрініп тұр. Оқиғада басты кейіпкер Көк лақ үйінде жалғыз қалып, өзіне ойнайтын серік таппай зерігіп «Мен ешкімнің тілін алмаймын» - деп айқайға басып отырғанда, Ала мысық келіп оны азғырып, өмірінде қолына сіріңке ұстап көрмеген Лаққа, сіріңке жағып үйрен, оны пайдасы өте көп деп, қолына ұстатып кетеді. Сонымен Лақ сіріңкемен ойнап, ол алдымен үйдің ішіндегі пердені өртеп, оны қалай өшіруді білмей қорыққанынан кереуеттің астына тығылады. Үйдегі жалын бықсып, лаулай бастайды. Мұның иісін сезген көршісі Төбет келіп, Лақты құтқарып, өрт сөндірушілерге хабар береді. Қойылым соңында «Өрт тілсіз жау» екендігі ескеріліп, өрттен қалай сақтанып, қорғану ережелерін түсіндіреді.
Өтетін орны
Шымкент қ., Қазыбек Би к-сі, 34, Шымкент қуыршақ театры
Автор
Ә. Файзуллаұлы
Ұзақтығы
45 минут
Жас санаты
2+
Қосымша
Спектакль қазақ тілінде өтеді
Жанр
ертегі
Возрастное ограничение
2+
- ДатаМестоЗонаВзрослымДетям
- 9ноябрясбШымкентский театр куколГородской театр кукол юного зрителиот 700 ₸от 700 ₸