Ледовое Шоу Hogwart's Holidays от звезд Цирка дю Солей

Үй таңдаған лақ

Ертегіде кербез де жалқау лақтың бастан кешкен оқиғасы баяндалады. Көрші тұрған лақ пен қозының, тоқтаусыз жауған жаңбырдың салдарынан, баспаналарының шатыры тесіледі. Жалқау лақ өз баспанасын жөндемей, орманнан басқа үй іздеп, жолға шығады.

Ал іскер де еңбекқор қозы шатырын жасауға кіріседі. Қалың орман ішінен үй іздеген лақ жолда түлкі мен қасқырға жем болуға шақ қалады. Қайырымды аюдың көмегімен аман қалған ол, орманнан үлкен сабақ алып, өз үйіне оралады. Достыққа адал еңбекқор қозы лақ қайта оралғанша, өз үйімен қатар лақтың да баспанасын бабына келтіріп қояды.