Сүйінбай. Премьера!
«Қырғыз-Қазақ – Бір Туған...» -
Халық Даналығы.
ИРАН-ҒАЙЫП
СҮЙІНБАЙ
(Драмалық Эпос)
Драмалық Эпостың Басты Кейіпкері – Қазақ Айтыс Өнерінің Атасы, Айтулы Тарихи Тұлға – Сүйінбай Аронұлы...
Эпос оқиғасы: Сонау... Бөрілі Байрақты Біртұтас Ұлы Түрік Қағанатының – іштен-сырттан бірдей... өлездене іріп-шіріп, енді-гәрі бұрынғыша біте-қайнасып-бірікпестей – бытырап, тоз-тоз – болып, тым-тырықай... «Тұрымтай – Тұсына, Балапан-Басына» кетіп жатқан – аң-босқын, ала-шапқын – зұлматты келеңсіз тұсынан – басталып, содан – соңғы... «алты-бақан – алауыз, қырық-пышақ – кер-абыз», бір кезгі... туысқан халықтардың өзара «қанды-қырғындарын» - қамтып, XIX-ғасырдың орта шеніндегі , күн аралатпай «қырылысқан – қырғи-қабақ ағайын», Қазақ-Қырғыз атты «Ене Таудың емшегін тел емген», төсекте – малы, төскейде – жаны қосылған, көршілес екі елдің, қалай - дүрдараз-ыдырасып, қалайша – қайта бауырласа-ымыраласқандығы жайлы...
...Ең – Қызығы: Қойылым, Бүгінгі Көрерменді, «Ұлы Дала Театрымен» - қауыштырады.
ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ
Қоюшы-режиссер – М.Ахманов,
ҚР еңбек сіңірген артисі.
режиссердің ассистенті – Ә.Оспанбаева
қоюшы-суретші – Е.Тұяқов
композитор – Б.Ақтаев
балетмейстер – Г.Мұхамеджанова
киім үлгісінің суретшісі – Л.Возженникова
режиссердің көмекшісі – А.Қабдешова