rebranding

«Ханума»

Грузин драматургі А.Цагарелидің талай театрдың көрерменін мәз-мейрам етіп, күлкіге кенелткен музыкалық комедиясының желісімен жасалған заманауи ПОП-АРТ КОМЕДИЯ...

Тифлистің бай көпесі ақсүйектермен құдаласып, мәртебесін асыруды армандайды. Сол үшін қызы Сонаны кәрі әрі кедейленіп қалған болса да князге беруге әзір. Сона болса княздің жас және ақын бауырын сүйеді...

Кәрі князды жас сұлуға үйлендіру қамына кіріскен қос жеңгетай Ханума мен Кабатоның бас құдалыққа таласқан қызықтары, кейіпкерлер арасындағы қым-қиғаш қатынастар грузиннің әуезді де ойнақы ән-билерімен өріліп, оқиға желісі ширатыла түседі.

Ақыр аяғында әркім өзіне тиесіліні алады... Яғни жазмыштан озмыш жоқ деген...