Kinoman

Ұлпан

Қазақ әдебиетінің «Алтын қорының» төрінен өзіндік орнын ойып алар сүбелі шығармалар қатарында классик жазушы, көркем сөздің майталманы Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» атты романын айта кетсек еш жаңылмасымыз белгілі. «Ұлпан» - тарихи роман, онда бір ғана Керей-Уаққа қарасты Сибан елінің тыныс тіршілігін суреттеу арқылы сол замандағы, атап айтқанда XIX ғасырдағы жалпы қазақ елінің шежіресі мазмұндалады.

Ұлпан ерден безген, сүйіспеншіліктің отына күйіп, басқа ерді сүйгені үшін қарекет қылған, ұябұзар әйел емес. Керісінше «Ерді кебенек ішінде таны» дейтін халық даналығынан туған дарқан мінез, нағыз ерді ардақтау арқылы елдіктің іргесін бекіткен, халқының ризық-берекесін қарақан басының бақытынан артық санаған өте ақылды, дана, дегдар әйел болуымен баурайды. «Алтын басты әйелден бақыр басты еркек артық», «Байтал шауып бәйге алмас» деп қарайтын елде Ұлпан сияқты қайратты арулардың болмысы бағалана бермейді.

 Жаңаның туғанын қаласаң,

Өткенге бір сәт көз салшы...