118 интересовались событиями этого объекта за последний час.
Түркістан музыкалық-драма театры
Театр репертуары
Мекен-жайы: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Әмір-Темір көшесі, 28
Байланыс: +7 (725) 335 77 47
ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н. Назарбаевтың қолдауымен тұрғызылған Түркістан музыкалық-драма театры Түркі әлемі астанасының ең сәулетті ғимараттарының бірі болып табылады. Елбасы 2021 жылдың мамыр айында театрға арнайы барып, жаңа өнер ордасы сахнасының актерлік құрамымен және техникалық мүмкіндіктерімен танысты.
Түркістан музыкалық-драма театрының ашылуы
2021 жылдың 9-10 қазан аралығында Түркістан музыкалық-драма театрының ашылуы өтеді. Сахнадағы дебюттік қойылым белгілі жазушы-драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Дулат Исабековтың «Борте» пьесасы болмақ.