Расписание кинотеатра Синемакс Шымкент

Қорғансыздың күні. Гастроли в Актобе

Өтетін орны: Ақтөбе қ., т. Ахтанов к-сі, 52, Т. Ахтанов атындағы драма театры, Ақтөбе қ.

Театр:  Н. Жантөрин атындағы музыкалық драма театры

Күні мен уақыты: 7 сәуір 2023, 18:30-те

Автор: Мұхтар Әуезов

Режиссёр: Гүлсина Мерғалиева

Актерлер / Суретші: 

Жанр: драма

Ұзақтығы: 1 сағат 20 минут

Жас шектеуі: 10+ Ескерту 10 жасқа толмаған баламен кіруге болмайды!

Қосымша: Ескерту 10 жасқа толмаған баламен кіруге болмайды!

Қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың 125 жылдығына арналады

Бұлардың басынан тағдыр дауылы жаңада ғана соғып өткен.

Бұл қойылым кішкентай адам тағдыры, оның ішкі жалғыздығы мен трагедиясы туралы. Мұнда жетімдік тақырыбы бар қасіретімен ашылып көрсетіледі.Жетім балаға рақымсыздық жасаған тас бауыр жауыз адамдардың пасық әрекеттерін, азап шеккен қарапайым, дәрменсіз жанның панасыз, аянышты халін, қыршыннан қиылған бейкүнә, таза жүректі жас қыз бен баланың қайғылы өлімге ұшырағанын көресіз.Азған озбырлықты бақыт, жан рахаты деп түсінген тас жүрек адамдардың жауыздығы алдында ары тапталып, шарасыз болса да жанын пәк қалпында сақтаған Ғазиза, Қасым, Көркемнің өмірге дәрменсіздігін, қарсы тұрар қауқары жоқ бейшаралығын көріп, жан жүрегіңмен аяйсың.Қойылымда зұлымдықтың қанды құрсауының тұтқыны болған, қайғы мен қасіреттің ауыр жүгін арқалай алмай қиылған бейкүнә, пәк жандардың зарлы, мұңды тағдырлары көз алдыңызға келеді.

Бүгінгі күнде де бар қорғансыздар жайы көрерменді бала жанының ізгілік әлеміне жетелеп, өзіндік ой түюіне мүмкіндік береді.