Вольфганг Амадей МОЦАРТ

«Шамшырақ жарығында орындалған музыка»

Үшінші концерт

Вольфганг Амадей МОЦАРТ

КОНЦЕРТ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕ ӨТЕДІ

«Астана Опера» оркестрінің бірінші скрипкасы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бағдат Әбілханов пен халықаралық байқаулардың лауреаты, пианист Салтанат Әбілханова «Шамшырақ жарығында орындалған музыка» топтамасынан ұлы Моцартқа арналған үшінші концертті ұсынады. Кеш бағдарламасына веналық ұлы классиктің, сонымен қатар италиялық композитор әрі ХVІІІ ғасырдың асқан шебер скрипкашысы Джузеппе Тартинидің скрипкаға арналған сонаталары енген.

Моцарт скрипкаға арналған алғашқы сонатасын 1762 жылы 6 жасында жаза бастағаны белгілі, соңғысы 1788 жылы № 39, 40 және 41 симфониялармен бір жылда пайда болды. Жалпы, композитор скрипкаға арналған отыздан астам соната жазды.

Скрипка мен фортепиано арасындағы осынау «музыкалық әңгімелер» ғажайып жолмен, Моцарт бейнесіне толықтай сәйкестікте туындаған – құстар қалай құйқылжыта ән салып, сайраса, кемеңгердің сонаталары да еш қиындықсыз өзінен-өзі шығарылған.

 

БАҒДАРЛАМА:

В.А.МОЦАРТ.

Скрипка мен фортепианоға арналған соната, фа мажор № 7 KV376

Allegro

Andante

Rondo

 

Скрипка мен фортепианоға арналған соната, соль мажор № 11 KV379

Adagio - Allegro

Andantino Cantabile [Theme and Variations]

Allegretto

 

Скрипка мен фортепианоға арналған соната, ля мажор № 17

Allegro molto

Andante

Presto

 

Дж.ТАРТИНИ

Скрипка мен фортепианоға арналған соната, соль минор («Дьявольская трель»)

 

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Бағдат ӘБІЛХАНОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (скрипка)

Салтанат ӘБІЛХАНОВА (фортепиано)

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.