Google ad services
Скачай новое приложение Ticketon
98 адам соңғы сағат ішінде олар осы нысанның оқиғаларына қызығушылық танытты.

ҚР ұлттық мұражайы

Қазақстан Республикасының ұлттық мұражайы Орталық Азияда ең жас және ең ірі мұражай. Мұражай Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бұйрығымен «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында құрылған болатын. 2013 жылдың 2 шілдесінде «Қазақстан Республикасы Мәдениет Министрлігінің «Қазақстан Республикасының ұлттық мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесін құруға Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 675 Қаулысы шықты. 

Елбасының бұйрығымен Қазастан Республикасы Ұлттық мұражайының директоры болып Дархан Мыңбай тағайындалды. .

Национальный музей РК Астана

Мұражай еліміздің басты алаңында - Тәуелсіздік алаңында орналасқан, «Қазақ Елі» монументімен, Тәуелсіздік Сарайымен, Бейбітшілік пен Келісім Сарайымен, «Хазрет Султан» собор мешіті мен Ұлттық өнер университетімен біркелкі сәулеттік ансамбль секілді керемет үйлесіп тұр.

“Мәдени мұра” мемелекеттік бағдарлама аясында айқындалған құндылықтардың көбі Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайының құнды қорын құрайды. Мұражай ғимараты ерекше сыртқы пішінімен көзге түседі. Орасан зор ерекше мұражай кешені 74000 кв.м. ауданы мен тоғызыншы қабатқа дейін ауыспалы қабаттылығы бар жеті блокты қамтиды. Экспозициялық ауданы 14000 кв.м. астам жалпы ауданы бар 11 залды қамтиды. 

Национальный музей РК в Астане

Қазақстан Республикасының ұлттық мұражайы құрамында келесі залдар бар: Астана Залы, Тәуелсіздік Қазақстан Залы, Алтын Залы, Көне және орта ғасырлар тарихы залы, Тарих залы, Этнография Залы, Заманауи өнер залы. Ұлттық мүлікті зерттеу бойынша мұражай құрылысы ғылыми-зерттеу институтымен ұсынылған. Сонымен қатар, балалар мұражайы мен балалар шығармашылық орталығына арналған орындар, екі көрмелік залдар, қалпына келтіру шеберханалары, зертханалар, кәсіби сақтау қоймалары, оқу залымен ғылыми кітапханалар, конференц-залдар, кәдесыйларлық дүңгіршектер қарастырылған.

Мұражай әлемдік стандарттарға сәйкес жабдықтармен қамтамасыз етілген, экспозицияға замануи көрмелік технологиялар пайдаланылады: екі залда істейтін арнайы контенті бар ерекше иілген экран, медиа пол, заманауи Астананың орталығының динамикалық пішіні, көптеген медиа экрандар, голограммалар, жарықдиодты LED-техникасы, сенсорлық дүңгіршектер, ақпаратты үш тілде бере алатын мультимедиялық гид. 

Зал национального музея РК

Мұражайда экскурсияның әр түрі жетілдіріледі - шолу және тақырыптық, философиялық, интерактивтік жаттығулар мен ойын экскурсиялар түріндегі арнайы бағдарламалар. Ұлттық мұражай заманауи интелектуалды мәдени мекеме атануға, оған қоса Қазақстанның тарихи мұрасы мен мәдениетін зерттеу, салыстыру, ойластыру, талқылау, пікір айту және бағалау орны болуға әбден лайық. Замануи мұражай - бұл әрқашан келушімен ашық тіл табысу. Бұл мұражайда қонақтарды тарих жайлы әңгіменің белсенді қатысушысы болуға барлық жағдайлар жасалған.