Билеты на мастер-классы Алматы

Балет кеші (МАОБТ)

22 ақпанда 18.30
 
 
Қазақстанның өнерге еңбек сіңірген қайраткері, профессор МІНТАЙ ТІЛЕУБАЕВТІҢ 70-жылдығына орай
 

 

 
 БАЛЕТ КЕШІ 


2017 жылдың 22 ақпанында Қазақ ССР өнерге еңбек сіңірген қайраткері, Ленин комсомолы сыйлығының жүлдегері, профессор МІНТАЙ ТІЛЕУБАЕВТІҢ 70-жылдығына арналған Еске алу кеші өтеді.   
Көрермендер М.Тілеубаевтің қойылымдарымен қатар, хареографиялық композициялар мен концерттік нөмірлерді көре алады.                                        

Кеш қойылым мен хареографияның біртуар шеберімен бірге жұмыс істеген елдің жан-жақтағы ұжымдарын біріктіреді.     Сонымен қатар, концертте Абай атындағы МАОБТ балеттік труппасының әртістері, А. Селезнев атындағы АСУ студенттері мен Қазақстан халық әртістері Роза Рымбаева қатысады.