ТЮЗ им. Н. Сац

«Вальпургиев түні» және «Алуан түрлі би» (Diversity)

«Вальпургиева ночь»/«Разнообразие танца» в Астана балет17-18 наурызда «Астана Балет» Театрында Шарль Гуноның музыкасына қойылған «Вальпургиев түні» балетінің премьерасы өтеді. Қоюшы-хореограф - Ресейдің Еңбек сіңірген өнер қайраткері, Татарстан Республикасының халық әртісі Георгий Ковтун.

«Вальпургиев түні» - әйгілі балеттің орыс классикалық балет дәстүріне сүйене отырып жасаған тың үлгісі. Мұнда Көне Грекияның мифтері мен аңыздары жанданады.

Табиғат жанданған соң, жер тыныстайды. Жер өңдеушілер мен егістік алқаптарының қамқоршысы Тәңірия Деметра, Шарап жасаушылар Құдайы Дионистің құрметіне мереке ұйымдастырады. .

Сонымен қатар көрермендерге бельгиялық хореограф Рикардо Амаранте қойған бір актілі «Алуан түрлі би» (Diversity) балеті ұсынылады. 

«Алуан түрлі би» (Diversity) қойылымы көрермен қауымға балеттің ғажайып әлеміне серуен құруға мүмкіндік береді. Уақыт музыкалық сүйемелдеуді де, костюмдер мен бишілердің қимылын да өзгерткенімен, мәңгі жас өнер бұған дейінгі дәуірлердің романтизмін сақтай білді. Неоклассиканың күрделі элементтерімен байып, жаңа стиль, динамика мен заманауи кейіпке енді, ал, мұның өзі Алуан түрлі қоршаған ортамызға тән дүние.