ЩЕЛКУНЧИК

2020 / 2021                    Үлкен зал            VIІІ маусым

5 / 6 қаңтар * сейсенбі / сәрсенбі * 19.00

 

 

П. Чайковский

«ЩЕЛКУНЧИК»

2 бөлімді балет

 

2021 жылдың 5, 6 қаңтар күндері «Астана Опера» МОБТ-да ұлы орыс композиторы П. Чайковскийдің «Щелкунчик» балеті ұсынылады

Хореография авторы – қазіргі заманның атақты хореографы – КСРО Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты Юрий Григорович. Сценография авторы – КСРО Халық суретшісі, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты Симон Вирсаладзе.

Дирижер – Арман Оразғалиев

 

 

Э.Т.А. Гофман ертегісінің желісі бойынша жазылған жаңажылдық «Щелкунчик пен тышқан патшасы» балеті балалар мен үлкендерге бірдей қызықты. Балаларды қызықтыратын тіріліп кететін ойыншықтар, мерекелік оттары жанған шырша, сиқыршының жұмбақ тұлғасы... Үлкендер Чайковскийдің бақытты үйлесімділікке толы данышпан музыкасын естіп қана қоймай, Юрий Григоровичтің композитор партитурасына сенім артып, сүйкімді ертегіні қол жетпес пәк бақыт туралы философиялық толғанысына куә болады. Сонымен бірге бұл жанның есеюі мен махаббатты сезіну туралы поэтикалық әңгіме. Басты кейіпкер, сонымен бірге кішкентай көрермендер де қуыршақ-Щелкунчиктің күлкілі келбетінің артында мейірімді батыр жүректің барын түсіне бастайды, ал ойыншыққа деген махаббат мен аяушылық басты кейіпкер үшін тамаша Ханзадамен кездесуге әкеледі. Бірақ, тек түсінде ғана...

 

 

БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛАР

Мари –           Әйгерім Бекетаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (5 қаңтар) /

                        Шұғыла Әдепхан (6 қаңтар)

 

Щелкунчик-Ханзада – Бақтияр Адамжан, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (5 қаңтар) /

                                                      Еркін Рахматуллаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (6 қаңтар)

 

Дроссельмейер –         Ильдар Шакирзянов (5, 6 қаңтар)

 

 

Ұзақтығы – 2 сағат 15 минут (бір үзіліспен)