Первый Музыкальный Пикник

«Астана-Операдағы» музыкалық демалыс - 1

«Астана-Операдағы» музыкалық демалыс - 1

концерті

«Астана Операдағы» «Музыкалық демалысты» шетелдегі беделді оқу орындарында, атап айтқанда Австриядағы «Моцартеум» Зальцбург консерваториясында, П.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясында, Дж.Верди атындағы консерваториясында (Турин, Италия), Филадельфиядағы (АҚШ) Темпл университетінің Бойер музыка және би колледжінде оқитын талантты қазақстандық студенттер өткізеді.

Туған жерде өнер көрсетудің жауапкершілігі ерекше – бұл музыка жолында үлкен көмек берген ұстаздары мен жерлес-отандастары алдындағы есеп, жұмыс қорытындысы әрі емтихан болмақ.

Концертке халықаралық байқаулардың лауреаттары қатысады, олар:

Алма БӨЛІБЕКОВА (скрипка, АҚШ)

Динара СЕГІЗБАЕВА (скрипка, Италия)

Темірлан БЕЙСЕМБАЙ (фортепиано, Австрия)

Альфия ВАЛИТОВА (фортепиано, Ресей)

Карина ИЗМАИЛОВА (фортепиано, Ресей)

Павел РОМАНЕНКО (альт, Ресей)

Фортепиано партиясында – Ұлан ҚҰЛМАМЕТОВ (Қазақстан), ҚазҰӨУ ұстазы, П.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясы және ММК аспирантурасының түлегі.

БАҒДАРЛАМАДА:

Ф.Лист. №12 рапсодия

А.Пьяццолла. Tanti Anni Prima (Ave Maria)

A.Копленд. Hoe-Down from "Rodeo"

Д.Табакова. Жеке альтқа арналған «Пирин»

А.Пьяццолла. Альт пен фортепианоға арналған Гранд-танго

Р.Шуман. №2 соната, op. 22, g-moll

Й.Хальворсен. Скрипка мен альтқа арналған Гендель тақырыбына Пассакалия, g-moll

 

Ұзақтығы – 1 сағат 15 минут

Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады