Jullien Dassin

«Астана-Операдағы» музыкалық демалыс - 1

2020 / 2021           Камералық зал              VІІІ маусым

6 тамыз * сенбі * 18.00

 

Концерт

«Астана Операдағы» музыкалық демалыс

(Екінші концерт)

Камералық зал сахнасында республикамыздың жетекші шығармашылық білім ордалары мен шетелдің беделді оқу орындарында білім алып жатқан дарынды қазақстандық студенттердің өнер көрсетуі керемет дәстүрге айналды.

«Астана Операдағы» музыкалық демалыс» концертінде П.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясы, Брюссель Корольдік консерваториясы (Бельгия), Зальцбургтегі Моцартеум университеті (Австрия) сынды белді оқу орындарындағы студенттердің орындауында отандық авторлар мен классик композиторлардың туындылары шырқалады.

Барлық жас әртістер – жарқын музыканттар, беделді халықаралық байқаулардың лауреаттары. Туған жерде өнер көрсету жауапкершілікті екі есеге арттырады – бұл отандық көрермен мен музыка әлеміне жол ашқан ұстаздар алдындағы емтихан, жұмыс қорытындысы, есеп беру сәті болмақ.

 

 

ОРЫНДАУШЫЛАР

Азиза ОМАРОВА (сопрано)

Әлішер СЕКСЕНБАЕВ (бас)

Темірлан БЕЙСЕМБАЙ (фортепиано)

Томирис АЛИ (фортепиано)

Ілияс ӨЗБЕКОВ (фортепиано)

Батырхан СҮЛЕЙМЕН (фортепиано)

Әлия АСАНОВА (фортепиано)

Ален МУСУРГАЛИЕВ (скрипка)

Жандос МҰХАМЕДИ (скрипка)

 

Концертмейстерлер – Малика АЙМАҚОВА, Сергей ВАСИЛЬЕВ, Зәру ЖАЗЫҚБАЕВА

 

БАҒДАРЛАМА

А.Хассе. «Тәкаппар Фьюмичелло» кантатасынан «Ritornerai fra poco» ариясы

Ф.Шуберт. «Форель»

П.Чайковский. «Бесік жыры»

А.Чести. «Өз-өзін жеңген Александр» операсынан «Si mantiene il mio amor» ариясы

А.Скарлатти. «Махаббаттағы адалдық» операсынан «Già il sole dal Gange» ариясы

В.А.Моцарт. «Сиқырлы флейта» операсынан Зарастроның ариясы

П.Чайковский. «Думка»

Р.Шуман. Фортепианоға арналған үш пьеса-фантазия, ор.111

C.Рахманинов. Этюд-картина, ор.39 №3

И.Брамс. Интермеццо, ор. 76

М. де Фалья. Испан биі

Э.Элгар. La Capricieuse

 

 

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

 

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады.

 

 

Құрметті көрермендер!

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының «Ashyq» пилоттық жобасына қатысуына байланысты, спектакльдерге алдын ала, ертерек келуді сұраймыз.

 

Театрға келер алдында «Ashyq» қосымшасын алдын ала өзіңіздің ұялы құрылғыңызға орнатуды сұраймыз.

Қолдану бойынша нұсқаулық:

1. Өзіңіздің ұялы құрылғыңызға «Ashyq» қосымшасын жүктеп, орнатыңыз (Iphone үшін App Store, ал Android үшін Google Play).

2. Өзіңіздің телефон нөміріңіз бен ЖСН енгізіңіз.

3. Театрға кірер кезде «КІРУ» тіркеуін таңдап, QR-кодты сканерлеу қажет (КІРУ).

4. Жүйе келушінің мәртебесін анықтайды, оны кірер кезде міндетті түрде Театр қызметкеріне көрсету қажет

 

​Мәртебелер:

Көк және Жасыл – Театрымызға кіруге шектеу жоқ

Сары – Театрымызға кіру шектелген, себебі COVID-19 таралуы бойынша байланысушы тұлға болып табылады

Қызыл – Театрымызға кіруге үзілді-кесілді шектеу қойылған, себебі өзін-өзі оқшаулауда немесе амбулаториялық емдеуде болуы тиіс.

Егер келушіде «қызыл» немесе «сары» мәртебе анықталса, ол Театрға кіргізілмейді және мәртебесі туралы скриншоттың бар болуы кезінде спектакльдің басталуына дейін сатып алған билеттерін тапсырады.

 

Бүгінгі таңда инфекция жұқтырғандардың өзін-өзі оқшаулауын бұзу деректері анықталған кезде санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдары мен ішкі істер органдарының лауазымды тұлғаларының іс-қимыл алгоритмі әзірленді.

 

Бұл алгоритм Ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 7 желтоқсандағы хаттамасымен бекітілген. Сонымен қатар осындай тұлғалар үшін айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделген.

 

5. Егер келушінің өз мәртебесін тексеруге мүмкіндігі болмаса, осы үрдісті Театр қызметкері «күзетші» режимінің көмегімен – келушінің келісімімен оның ЖСН ақпараттық жүйеге енгізу арқылы жүзеге асыра алады.

Түсіністік танытады деген сенімдеміз!

 

Үлкен залдағы спектакльдерге жас шектеуі: 10+, Камералық залдағы концерттерге: 7+

65 жастан асқан адамдардың театрға келуіне уақытша тыйым салынғаны туралы еске саламыз.

(Негіздеме: Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері С.С.Бейсенованың қолы қойылған «Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантиндік шаралары туралы» 02.02.2021 жылғы № 5 қаулының 1.5-тармағы)

Сонымен қатар үзіліс кезінде әлеуметтік арақашықтық пен маскалы режимді сақтауды сұраймыз.