Скачай новое приложение Ticketon

Бела Бартоктың микрокосмосы

Концерт

БЕЛА БАРТОКТЫҢ МИКРОКОСМОСЫ

венгер музыка классигінің 135 жылдығына

17 қазанда ұлы венгер композиторының 135 жылдығына арналған «Бела Бартоктың микрокосмосы» атты концерт өтеді.

Б. Барток – музыка тілін байыта білген жаңашыл композитор, тамаша пианист, әлем халықтарының ән мұрасын зерттеген фольклоршы ғалым. Венгрия музыка мәдениетінің тарихында Барток шығармашылығы жаңа композиторлық мектептің құрылуына маңызды бағыт берді. Оның музыкасы әлемге танымал болды.

Концертке белгілі венгер пианисті және ұстазы Балаж Рети қатысады. Ол 1974 жылы Будапештте дүниеге келген. 1998 жылы Ференц Листтің Музыка академиясын бітіріп (профессор Д. Надордың сыныбы), осы жерде докторантурада оқыды (2003). Гуманитарлық ғылымдар докторы (2007).

Дублин (Ирландия, 1996), Схевенинген (Голландия, 1997), Бордо (Франция), Перчах (Австрия) және т.б. қалаларда өткен халықаралық байқаулардың лауреаты. Анни Фишер (1999–2001) стипендиясының иегері.

Лев Наумов, Андраш Шифф, Дмитрий Башкировтардың шеберлік сабақтарына қатысты.

Ұзтаздық қызметі: Бела Барток атындағы консерватория (1999–2004), Ференц Листтің музыкалық академиясы (1999 жылдан), Мишкольц университеті (2008 жылдан – Бела Барток музыкалық институты фортепиано бөлімшесінің меңгерушісі).

Лима ұлттық консерваториясында (Перу, 2004), Тренто музыкалық консерваториясында (Италия, 2008) шеберлік сабақтарын өткізді. Халықаралық байқаулардың 7 лауреатын дайындап шығарды.

Дублин Ұлттық концерттік залы (Ирландия, 2000), Берлиндегі Концертхаус (2001), Гвадалахардағы Деголладо театры (Мексика, 2003), Земплен фестивалі аясында Шарошпатакада (2004), Джакартадағы «Балай Сарбини» залы (Индонезия, 2006), Будапешттегі Ф. Листтің академиясында (Венгрия, 2006) концерттер қойды.

Балаж РЕТИ Бела Бартоктың келесі фортепианоға арналған шығармаларын орындайды: румын халық билері, «Микрокосмос» циклінен пьесалар және т.б. Ал Камералық оркестр, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал МҰХИТДИНОВ басқаруымен Бела Бартоктың ішекті оркестрге арналған туындыларын ұсынады.

 

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

 

Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады