«Тұтас ғасыр жазы»
Концерт
«Тұтас ғасыр жазы»
КОНЦЕРТ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕ ӨТЕДІ
ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы еуропалық композиторлар – К.Шимановский, Э.Корнгольд және О.Респигидің туындыларынан камералық музыка концертін «Астана Опера» оркестрінің әртістері ұсынады. Кеш бағдарламасында шырқалатын шығармалар өте сирек орындалады, ал олардың кейбірін қазақстандық көрермен алғаш рет тыңдамақ.
Кароль Шимановский (1882–1937) – ХХ ғасырдағы ең көрнекті поляк және әлем композиторларының бірі. Оның «Мифтер» топтамасы К.Дебюсси музыкасының Шимановский шығармашылығына тигізген ықпалының жарқын мысалы болып табылады. Шимановскийдің пьесалары – музыкалық импрессионизмнің әдеттегі үлгісі, дегенмен, поляк композиторы талғаулы әрі аса күрделі туындылар жасауда кей-кейде француз әріптестерінен асып түседі.
Австриялық және америкалық композитор Эрих Вольфганг Корнгольд (1897–1957) – веналық романтизмнің соңғы мұрагері. Скрипка мен фортепианоға арналған дуэт болып табылатын «Много шума из ничего» комедиясына жазылған музыкадан сюита Шекспирдің пьесасын қоюға жоспарланған оркестрдің болмауы нәтижесінде жарық көрген. Композитор скрипка мен фортепианоға арналған партитурасын өңдеп, қойылымдар кезінде фортепиано партиясын өзі орындаған.
Шығармашылығы импрессионизмнен неоклассицизмге дейінгі сатыларды өткерген ХХ ғасырдағы италиялық композитор-симфонист Отторино Респиги (1879–1936) туындыларының премьералық орындаулары талғампаз тыңдарманды толғандырмай қоймайды.
БАҒДАРЛАМА:
Кароль Шимановский. «Мифтер». Скрипка мен фортепианоға арналған үш өлең, op. 30
1. La fontaine d`Arethuse
2. Narcisse
3. Dryades et Pan
Эрих Вольфганг Корнгольд
Шекспирдің «Много шума из ничего» комедиясына музыкадан скрипка мен фортепианоға арналған сюита, op.11
I. Той сарайындағы қыз
II. Догберри және Вержес – Дозор маршы
III. Бақтағы көрініс
IV. Маскарад – Хорнпайп
Отторино Респиги
Скрипка мен фортепиано пьесаларының топтамасы, ор. 31
1. Berceuse: Andantino
2. Melodia: Andantino mosso - Largamente - Tempo primo
3. Leggenda: Lento - Piu mosso - Agitato - Tempo primo
4. Valse Caressante: Tempo lento di valzer
5. Serenata: Andante calmo
6. Aria: Lento Piu mosso - Poco meno
«Күнбатыс» (Il tramonto). П.Шеллидің өлеңіне жазылған меццо-сопрано мен ішекті квартетке арналған лирикалық поэма
ОРЫНДАУШЫЛАР:
Татьяна ВИЦИНСКАЯ (меццо-сопрано)
Әсел ЖАҚИЯНОВА (скрипка)
Эльмира ЖАРМҰХАМЕДОВА (скрипка)
Ақбөпе МҰХАМЕДЖАН (альт)
Балжан КУДИЯРОВА (виолончель)
Саида ҮСЕНАЛИЕВА (фортепиано)