rebranding

Кестелі орамал

2022 / 2023                     Күләш Байсейітова атындағы Камералық зал              Х маусым

2 мамыр * сейсенбі * 19.00

 

Концерт

«КЕСТЕЛІ ОРАМАЛ»

(Мұқан Төлебаевтың 110 жылдығына орай)

 

Ұзақтығы: 1 сағат 20 минут

Жас шектеуі 10+ екеніне назар аударуларыңызды сұраймыз.

Дирекция орындаушылар мен орындалатын туындыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

 

ҚР Композиторлар одағы көрнекті қазақ композиторы, қоғам қайраткері, КСРО Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мұқан Төлебаевтың 110 жылдығына арналған «Кестелі орамал» камералық-вокалдық музыка концертін ұсынады.

Өзінің қысқа ғұмырында М.Төлебаев 100-ден астам музыкалық шығарма жазып үлгерді. Опералық шығармалары, кантаталары мен ораториялары ерекше назар аудартады. Соғыс жылдарында ол «Тос, мені тос» және «Кестелі орамал» тәрізді кеңінен танымал романстарын шығарды. Ал КСРО Мемлекеттік сыйлығына лайық деп танылған «Біржан – Сара» операсы сазгер шығармашылығының шыңы, сондықтан ХХ ғасырдағы қазақ музыка мәдениетінің айтулы жетістігі болып табылады.

Кеш бағдарламасында опералардан ариялар мен дуэттер, композитордың романстары мен әндері, сондай-ақ шығармашылық одақ мүшелері – Б.Қыдырбек, С.Әбдінұров, Ә.Әбдінұров, А.Жайым, А.Қазақбаев, А.Тәни, Т.Бейсембек, К.Измаилова, Н.Таңатар, Ә.Қадыров, Д.Қалмағамбетовтің және т.б. камералық-вокалдық шығармалары қазақстандық әртістер мен «Астана Опера» театры солистерінің орындауында шырқалады.

 

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттерді спектакльдер болмайтын немесе күні ауыстырылған жағдайда ғана ауыстыруға немесе қайтаруға болады. Барлық басқа жағдайларда қайтару және ауыстыру жүргізілмейді.