«ЖЫЛДЫҢ ОН ЕКІ МЕЗГІЛІ» (А. Вивальди, А. Пьяццолла, Е. Подгайц)
2022/2023 Күләш Байсейітова атындағы Камералық зал Х маусым
9 шілде * жексенбі * 18.00
Концерт
«ЖЫЛДЫҢ ОН ЕКІ МЕЗГІЛІ»
(А.Вивальди, А.Пьяццолла, Е.Подгайц)
Ұзақтығы: 1 сағат 55 минут
Жас шектеуі 10+ екеніне назар аударуларыңызды сұраймыз.
Дирекция орындаушылар мен орындалатын туындыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады
«Астана Опера» театры Камералық оркестрінің сүйемелдеуімен симфониялық оркестрдің бірінші скрипкасы Бағдат Әбілхановтың (скрипка) қатысуымен өтетін «Жылдың он екі мезгілі» камералық музыка концертін ұсынылады.
Концерт қонағы – Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Алексей Лундин (скрипка).
Концерт бағдарламасында Антонио Вивальдидің, Астор Пьяццолланың және Ефрем Подгайцтың жыл мезгілдеріне арналған топтамалары орындалады.
А.Вивальдидің 1723 жылы жазған «Жыл мезгілдері» топтамасы барокко музыкасының ең үздік үлгілерінің біріне және әлем мәдениетінің талассыз игілігіне айналды. Төрт концерт: «Көктем», «Жаз», «Күз», «Қыс» – әлі күнге дейін ұлы венециялық тұлғаның 550 шығармасының ішіндегі ең көп орындалатыны.
Астор Пьяццолланың есімі құштарлыққа толы аргентина тангосының табынушыларына жақсы таныс. Ол «халықтық» тангоның қайталанбайтын еліктіргіш энергетикасын өресі биік өнерге, заманауи классикаға айналдыра білді. «Буэнос-Айрестегі жыл мезгілдері» Астор Пьяццолланың әртүрлі кезеңде және әрқилы жағдайларда жазылған, бірақ бірге орындалатын төрт танго-композициясы жинағынан тұрады.
Қазақстанда алғаш рет ресейлік композитор Ефрем Подгайцтың «Мәскеудегі жыл мезгілдері» топтамасы орындалады, оның негізінде –кинофильмдерден алынған әуендер мен И.Дунаевскийдің, В.Соловьев-Седовтың, Э.Колмановскийдің әндері.
Алексей ЛУНДИН (скрипка, Мәскеу) – танымал концерт беруші музыкант, «Виртуозы Москвы» мемлекеттік камералық оркестрінің бірінші скрипкасы және солисі. Оркестрде өнер көрсеткен жылдар ішінде А.Лундин әлемнің үздік концерт алаңдарында атақты замануи музыканттармен бірге өнер көрсеткен.
Музыканттың қоржынында – В.Спиваков, С.Сондецкис, В.Симкин, Ю.Франц, Т.Курентзистердің жетекшілігіндегі «Виртуозы Москвы» оркестрімен орындалған И.С.Бахтың, В.А.Моцарттың, Й.Гайднның, А.Вивальдидің, А.Шниткенің скрипкаға арналған концерттері.
А.Лундин жеке мансабын қарқынды дамыту үстіндегі көрнекті скрипкашы ғана емес, адамдарға классикалық музыка жетіспейді деген пікірді шынайы ұстанатын ой-өрісі кең әрі өте тартымды музыкант ретінде аса жоғары беделге ие.
БАҒДАРЛАМАДА:
Антонио Вивальди. «Жыл мезгілдері»
(«Көктем», «Жаз», «Күз», «Қыс»)
Астор Пьяццолла. «Буэнос-Айрестегі жыл мезгілдері»
(«Күз», «Қыс», «Көктем», «Жаз»)
Е.Подгайц. «Мәскеудегі жыл мезгілдері»
(«Көктем», «Жаз», «Күз», «Қыс»)
ОРЫНДАУШЫЛАР:
Алексей ЛУНДИН, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі (скрипка, Ресей)
Бағдат ӘБІЛХАНОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (скрипка)
«АСТАНА ОПЕРА» КАМЕРАЛЫҚ ОРКЕСТРІ
«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттерді спектакльдер болмайтын немесе күні ауыстырылған жағдайда ғана ауыстыруға немесе қайтаруға болады. Барлық басқа жағдайларда қайтару және ауыстыру жүргізілмейді.